15 Наурыз, 2014

Футбол: «Тараз» - «Ақтөбе» 0:2, «Қайсар» - «Ордабасы» 1:0

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-03-14-taraz-aktobe-1 Бүгін, 15 наурыз күні футболдан Қазақстан премьер-лигасының 2014 жылғы чемпионаты басталды. Қазір бірінші турды тағы екі матчының нәтижесі белгілі болды. Бұл туралы Egemen.kz хабарлады. Бір мезгілде, сағат 16:00-те Тараз бен Қызылордада ойындар басталды. Бұлардың біріншісінде Тараздың «Таразы» Ақтөбенің «Ақтөбесін», екіншісінде Қызылорданың «Қайсары» Шымкенттің «Ордабасысын» қабылдады. Тараздағы ойынның 40-минутында ақтөбелік Марат Хайруллин пенальтиден есеп ашты. Арада 3 минут өткенде алаң иелерінің қорғаушысы Сигурни Банджар өз қақпасына гол соғып алды. Сөйтіп, меймандар тез 2:0 деген басымдыққа жетті. Олар осы артықшылықты кездесу соңына дейін сақтай білді. Келесі ойында «Қайсар» бір доп айырмашылығымен қонақтардан басым түсті. Жалғыз голды 23-минутта Душан Савич пенальтиден салды. Еске сала кетейік, сағат 14:00-де Затобольскіде Қостанайдың «Тобылы» мен Семейдің «Спартагы» арасындағы матчпен 2014 жылғы чемпионат сөреден шықты. Ойын 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Екінші ойын 15:00 сағатта Павлодарда өрбіді. Жергілікті «Ертіс» онда Қарағандының «Шахтерін» қабылдады. Кездесуде павлодарлықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Енді «Астана» - «Жетісу», «Қайрат» - «Атырау» араларында матчтар нәтижелерін күтіп отырмыз. Бұлардың алғашқысы 17:00, екіншісі 18:00 сағаттарда басталды. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Egemen.kz. Фото: Vesti.kz.