17 Наурыз, 2014

Футбол маусымы басталды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-03-PytbolӨткен сенбі күні елімізде көптен бері күткен футбол маусымы басталды. Осы күні Қазақстан премьер лигасының бірінші туры алты қалада өтті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Алғашқы турдың алғашқы матчы Затабол қаласында Қостанайдың «Тобыл» және Семейдің «Спартак» командаларының арасында өтті. Осы матчта биылғы маусымның алғашқы голын семейліктер сапында Максим Азовский соқты. Дегенмен, қонақтар ойын соңына дейін есепті сақтай алмады. Бұл кездесуде есеп 2:1 болып қостанайлықтардың пайдасына шешілді. Онда Анатолий Богданов пен Огнен Красич бір-бір доптың авторы атанды. Осы турдағы ең қызықты ойын Қызылорданың «Қайсар» мен Шымкенттің «Ордабасы» клубтарының арасында өтті. Оңтүстіктің «дербиі» болған ойында алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесуде жалғыз голды 23 минутта пенальтиден Савич соқты. Ал «Астана» мен «Жетісу» командаларының арасында өткен матчта алаң иелері мұндай мүмкіндікті пайдалана алмады. Онда кездесудің 50 минутында «Астананың» ойыншысы Сисеро 11 метрлік айып добын соға алмаған соң есеп ашылмай, 0:0 болып аяқталды. Бірінші турдың басқа матчтарында мынадай есеп тіркелді.  «Ертіс» өз алаңында «Шахтерді» 1:0 есебімен жеңді. «Атырау» сырт алаңда «Қайратты» 1:0, «Ақтөбе» Таразда жергілікті команданы 2:0 есебімен ұтты. Енді келесі турда «Қайсар» - «Тараз», «Ордабасы» - «Астана», «Атырау» - «Тобыл», «Жетісу» - «Қайрат», «Спартак» - «Ертіс», «Шахтер» - «Ақтөбе» командалары кездеседі. Дастан Кенжалин. Дереккөз: http://.www.kff.kz. Фото: http://.www.kff.kz.