17 Наурыз, 2014

«Бавария» футбол клубының президенті түрмеге қамалды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17 03 - BavaryaБылтырғы чемпиондар лигасының жеңімпазы, «Бавария» футбол клубының президенті Ули Хенесс салық төлеуден жалтарғаны үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Utro.ru хабарлады. Жуырда Мюнхен қалалық соты У.Хенесске салық төлеуден жалтарып, бірқатар қаржылық айла-амалдарды іске асырды деген айыппен 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарған болатын. Ол өз әрекеттеріне өкініш білдіріп, «Бавария» футбол клубының президенті және бақылау кеңесінің төрағасы қызметтерінен кететінін мәлімдеді. Енді У.Хенесс Ландсберг-на-Лехе қаласындағы түрмеге жіберілуі мүмкін. Айта кететін жайт, өткен ғасырдың басында бұл түмеде Адольф Гитлер жазасын өтеген екен. Жүз жылдан астам уақыт бұрын салынған колония 565 тұтқынға есептелген. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Utro.ru. Фото: Football.ua.