18 Наурыз, 2014

Есірткі сатқан ұстаз

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Меркі ауданындағы мектептердің біріндегі 44 жастағы Х. атты мұғалима  есірткі заттарын сақтағаны және сатқаны үшін ұсталды. Оның үй-жайын тінткен кезде 34 бума марихуана табылды. Күдікті  ұстаз полицияға есірткілерді сатып алушылардың арасында өзінің оқушылары да болғанын мойындаған. Жергілікті білім саласында қызмет етке­ніне тоғыз жылдай уақыт болған оның өзі екі балалы ана. Тергеу барысында есірткі өткеру сияқты былғаныш іс-әрекетке оны азаматтық некедегі кү­йеуі мәжбүрлегені белгілі болды. Поли­ция қызметкерлері, сонымен бірге, есірткі сатумен айналысқан мұғали­маның Тараз қаласы мен Меркі ауылында тұратын 7 «әріптесін» де қолға түсірді. Облыстық ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы Шопырхан Жапабаевтың айтуынша, қолға түскен­дердің бәрі қылмыстарын мойындарына алған. Сондай-ақ, ұстазынан есірткі сатып алған оқушылар да белгілі болды. Қазір тергеу одан әрі жүріп жатыр. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы.