18 Наурыз, 2014

Көктем аруы

601 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kaz aru 11Жексенбі, 16 наурыз күні Астанадағы «Қазақстан» концерт залында «Қазақ аруы-2014» республикалық байқауы өтті. Осымен төртінші рет өткізіліп отырған айтулы байқауда еліміздің түрлі өңірінен келген 21 үміткер сынға түсті. Қатысушылар сұлулығымен қатар, бойларындағы таланттарын паш етіп, халқымыздың дәстүрлерін, тарихы мен мәдениетін жақсы біліп, оларды ардақ тұтатынын көрсете білді. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Басында арулар отандық дизайнерлердің қолынан шыққан киімдерді халық назарына ұсынса, артынан шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін ортаға салды. Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбді­қалықова жетекшілік еткен қазылар алқасы қатарын­да белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей, отандық опера примасы Нұржамал Үсенбаева, дизайнер Аида Қауменова, театр және кино актері Ғани Құлжанов, айтыс ақыны Айнұр Тұрсынбаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, «Хабар» телеарнасының бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсері Ринат Кертаев, Астана қаласы мәдениет департаментінің бастығы Болат Мажағұлов пен «Қазақ аруы-2014» байқауының продюсері Баян Есентаева болды. kaz aru 9 Қазылар алқасы жарты сағаттай кеңес өткізіп, өз ше­шім­дерін жариялады. Үшінші орын елордалық Гүл­марал Қажиханға берілді. Ал екінші орынды маңғыс­тау­лық Ұлпан Нұрманова иеленсе, бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысының өкілі Аяулым Ерғазы жеңіп алды. Қазылар алқасының шешімімен «Қазақ аруы-2014» атағы Маңғыстау облысынан келген Гүлназ Жолановаға бұйырды. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан».  Суреттерді түсірген  Ерлан Омаров, «Егемен Қазақстан».