18 Наурыз, 2014

Байланыс жүйесі қолмен өшірілген сияқты

254 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шарайна

Малайзия авиакомпания­сы­ның «Боинг-777» жолаушылар ұшағының байланыс жүйесін қолмен өшіріп тастаған. Бұл жөнінде кеше «Рейтер» ақпарат агенттігі хабарлады. Малайзия қорғаныс министрі және көлік министрінің міндетін атқа­рушы Х.Хуссейннің мәлімдеуін­ше, ұшақтың байланыс жүйесі ұшып шыққаннан кейін 40 минут өткенде борттағы біреулер арқылы өшірілген сияқты. Хуссейн, сондай-ақ ұшақтар мен диспетчерлер арасындағы соңғы сөздер байла­ныс жүйесі өшірілгеннен кейін болғанын айтады. Бортында 239 адам бар ұшақ радардан 8 наурызда жоғалып кеткен еді. Қазіргі кезде ұшақ­тың қайда кеткені немесе қайда қонғаны жөнінде нақты дерек жоқ. Операция сәтті жүзеге асырылды шар1АҚШ теңіз күштерінің арнайы мақсаттағы әскерилері Ливияның Эс-Сидр портынан «қашып шыққан» тиелген мұнай бар «Морнинг Глори» танкерін басып алды. АҚШ қорғаныс министрлігінің мәлім­деуінше, операция кеше ертең­­­гісін Кипрдің оңтүстік-шығысындағы халықаралық суда жүзеге асырылған. Операция кезінде ешкім зардап шекпеген. Ал операция Ливия мен Кипр үкіметтерінің өтініші бойынша жүзеге асырылыпты. «Сақтансаң – сақтайды» деген осы Чилиде цунами қауіп-қатеріне байланысты 100 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Елдің төтен­ше жағдайлар жөніндегі ұлт­­­тық басқармасы өкілінің хабарлауына қарағанда, мұндай шұғыл шара жер сілкінісі қаупіне байланысты туындап отыр. Осының алдында Чили жағалауында 7 балдық зілзала тіркелген болатын. Зілзаланың эпицентрі Икик қаласынан 60 шақырымдай қашықтықта болған. Бір жақсысы, цунами қатері төнбеді. Айта кетейік, 2010 жылы осы елде қуаты 8,8 балдық зілзала салдарынан 550-ден астам адам опат болып, 220 мыңдай ғимарат қираған еді. Митингке шыққан 30 адам ұсталды Шар 4Бішкекте Қырғызстанның Жоғарғы соты ғимаратының маңында тұтқындалған ел парламентінің бұрынғы спикері Ахматбек Келдібе­ков­ті қолдау митингісі өтті. Акцияға қатысушылар бұлтарт­пау шараларын өзгертуді талап етіп, саясаткерді саяси қудалағаны үшін билікті айыптады. Бірінші май аудандық ІІБ қызметкерлері санкцияланбаған митингке қатысқан 30-ға жуық адамды ұстады. Оларға шешімді сот шығаратын болады. Еске сала кетейік, «Ата Жұрт» оппозициялық фракциясының депутаты Ахматбек Келдібеков 2013 жылғы қарашадан бастап мемлекеттік ҰҚК тергеу оқшаулағышында қамауда жатыр. Ол сыбайлас жемқорлық пен басқа да құқық бұзушылықтары үшін айыпталған. Прокуратура деректері бойынша, А.Келдібеков мемлекетке сомасы 40 млн. сом көлемінде зиян келтірген. Ел конституциясына түзетулер енгізіледі Өзбекстан ел конституциясына түзетулер енгізу арқылы президент өкілеттігінің бір бөлігін үкімет басшысына беруге және парламенттің өкілеттігін кеңейтуге әзірленуде. Бұл түзетулер алдымен заң шығарушы орган­ның төменгі палатасында қаралады. Парламент  сайтының хабарлауынша, түзетулер ел президенті Ислам Каримовтың бас­та­масы бойынша енгізілгелі отыр. Құжат жобасында түзетулер негізі­нен конституцияның 78, 93, 98, 103 және 117-баптарына қатысты болмақ. 108 миллион фунт ұтып алды шар3Жақында Ұлыбритания халқы «Еуромиллион» лотереясының джекпот ойынына куә болды. Оның көлемі 107,9 миллион фунтты құрайды. Бұл ақша тек бір билетті сатып алушыға ғана тиесілі болады. Миллионер атанушы 6, 24, 25, 27, 5 және 9 сандарын дәл тапқан екен. Бірақ ол әлі ұтысқа ие болған лотерея­сын тиісті мекемеге көр­сетпепті. Оның қай қаланың тұрғыны екені де белгісіз болып отыр. 163 миллиард доллар бағыттамақ Қытай 2014 жылы ел экономикасын дамытуға 1 триллион юаньға жуық (163 миллиард доллар) инвестиция бағыттауы ықтимал. Бұл инвестиция көптеген салаларды қамтымақ. Урбанизация елдің экономикалық өсімін қолдау әдісінің бірі болып табылады. Жоспар бойынша ол 7,5 пайызға жетуі тиіс. Аталған шаралардың барлығы қаржы-несие саясатын қатаңдатып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бүгінде Қытайда ондаған миллион адам көшіп-қонып жүр. Олардың басым көпшілігі ауылдық жерлерден қалаларға жұмыс іздеп келгендер. Пекин 2020 жылдарға қарай қалада тұратын адамдар саны 60 пайызға жетеді деп есептеуде. Интернет материалдары негізінде әзірленді.