18 Наурыз, 2014

Өзара мүдделестік танытылды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Хофбург» сарайында Қазақстан Республика­сының Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Сарыбайдың Австрия Республикасының Федералдық президенті Хайнц Фишерге Сенім грамотасын тапсыру салтанаты болып өтті. Сұхбат барысында қазақ­стандық дипломат Австрия басшысына Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың сәлемін жет­­­­кізді. Өз кезегінде, Х.Фишер Қа­зақстан басшысының жылы ле­біздеріне ризашылығын біл­діре келе, Қазақстан-Австрия қа­тынасының дамуына үлкен ма­ңыз беретінін атап өтті. Сауда-эко­номикалық байланыстың табыс­ты өрбуін айта отырып, ол бұл са­ланың зор әлеуетіне назар аударды. Елші Қазақстан Австрияның жасыл технология­лар, құрылыс және туризм салаларындағы үздік жетіс­тіктерін есепке ала отырып, осы ел тарапы­­­нан инвестициялардың ұлғай­­­­­ты­луына мүдделі екенін атап өтті. Қ.Сарыбай Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халық­аралық мамандандырылған көрмесі австриялық компаниялар үшін тиімді алаң бола алатынына назар аударды. Сұхбат соңында Х.Фишер Президент Н.Назарбаевқа өзінің ізгі тілектерін жеткізіп, елшіні лауазымдық міндеттеріне ресми кірісуімен құттықтады. «Егемен-ақпарат».