19 Наурыз, 2014

Таиланд билігі елдегі төтенше жағдайды тоқтату туралы шешім қабылдады

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18 03 - TailandТаиланд билігі 19 наурыздан бастап елдегі төтенше жағдай режимін тоқтату жөнінде шешімге келді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. Аталған елде төтенше жағдай ең кем дегенде 30 сәуірге дейін тоқтатылады. Мұның себебін жергілікті билік елдегі наразылық акцияларының бәсеңдеуімен түсіндірді. Ал «The Bangkok Post» газеті елдегі төтенше жағдайдың тоқтатылуына бизнес өкілдерінің өтініш білдіргенін жазған.  Себебі, осы елдегі тұрақсыз жағдай туристердің  алаңдаушылығын туғызған екен. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Таиландта наразылық акциялары бірнеше рет болды. Осыған орай, 2014 жылдың 22 қаңтарынан бастап елдегі тыныштықты қалпына келтіру үшін төтенше жағдай енгізілді. Бұған қатысты заңға сәйкес, азаматтардың 5 адамнан артық топ болып жиналуына тыйым салынды. Сондай-ақ, құқық қорғау қызметкерлері жаңа өкілет бойынша күдік келтірілген тұлғалардан айғақ зат тәркілемесе де, оларды қамауға мүмкіндік алды. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Lenta.ru. Фото: Lenta.ru.