19 Наурыз, 2014

Парламентте республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізу мәселесі қаралды

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-03-ParlamentБүгін, 19 наурыз күні Парламент Мәжілісінің кезекті жалпы отырысы болып, онда 11 мәселе қаралды. Соның ішінде кейбір заңнамалық актілерге әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері, Ұлттық қордан 2014-2016 жылдарға бөлінетін кепілдендірілген трансферт туралы заңға және оған ілеспе 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобалары қаралып, мақұлданды. Бұл туралы Egemen.kz хабарлады. Депутаттардың талқылауға белсене қатысып, қызығушылығын тудырғандар қатарына «Жол жүрісі туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды, кейбір заңнамалық актілерге қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобаларын жатқызуға болады. Сондай-ақ бүгінгі отырыста бірнеше халықаралық хаттамалар мен келісімдерді ратификациялау жөніндегі заң жобалары мақұлданды. Соның ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы Қорғас өзеніне «Достық» су торабын салу бойынша ынтымақтастық жасау туралы келісім бар. Ең соңғы мәселе болып Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Жақсыбай Самрат. Дереккөз: Egemen.kz. Фото: Remarka.kz.