19 Наурыз, 2014

Зарина Дияс турнирдің негізгі кезеңіне шықты

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19.03 Zarina Dias-1АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA санатындағы халықаралық турнирде қазақ теннисшісі Зарина Дияс  жарыстың негізгі кезеңіне шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. Ол іріктеу финалында ресейлік Варвара Флинкті 7:6, 6:1 есебімен ұтты. Енді Зарина жарыстың негізгі кезеңінің  алғашқы ойынында әлемнің 32-ші ракеткасы румын Александра Кадантумен кездседі. Бұған дейін хабарлағанымыздай,  Зарина Қытайдағы ITF санатындағы жарыста жеңіске жеткен соң әлемдік рейтингте 13 саты жоғарылап, 105 орынға көтерілген еді. АҚШ-тың Флорида штатында өтіп жатқан жарысқа Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова  да қатысуда. Ол соңғы кездесуінде екі сетте әлемнің 46-шы ракеткасы итальян Фабиан Скявоньені 6:4,6:2 есебімен жеңді. Енді ол  америкалық Серена Уильямспен кездеседі. Атлант мұхиты жағалауындағы Майами жарысы Қазақстан теннисшілері үшін қызықты өтетін түрі бар. Дастан Кенжалин. Дереккөз: www.kft.kz. Фото: www.kft.kz.