19 Наурыз, 2014

Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-03-AtletukaЛондон Олимпиадасының чемпиондары Илья Ильин, Майя Манеза, Светлана Подобедова мен Зульфия Чиншанло сәуір айының 18-24 күндері Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлады. Бұл доданы ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Алматыда өтетін әлем чемпионатына дайындық ретінде қарастыруда.  Ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, жоғарыда аталған спортшыларымыздың бәрі бір жылдық үзілістен кейін былтыр желтоқсан айында жаттығуларына кіріскен болатын.   Илья Ильин Олимпиададан кейін ұлттық құрамадан бөлек жаттыға бастағаны белгілі. Қазір де солай шетелде жаттығады. Ал Майя Манеза, Светлана Подобедова мен Зульфия Чиншанло болса, бұрынғысынша ұлттық құрамамен бірге Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жүр. Тағы бір айтатын нәрсе,  биыл зілтеміршілеріміз бірнеше халықаралық турнирлерге қатысады. Олар  19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия ойындарына, 18-24 қараша аралығында 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына лицензиялық ұпай беретін әлем чемпионатына барады. Дастан Кенжалин. Дереккөз: confederation.kz Фото: www. Alaman.kz.