
«Любовь Николаевна тоқыма өнеркәсібінің патриоты, көп ұрпақтың ұстазы, тігін өндірісінің көшбасшысы болды. Ол өте әдепті, адал, әділ және кәсіби адам еді», - делінген автордың жазбасында.
Худова Любовь 1946 жылы 28 қарашада Түркіменстанның Мары қаласында дүниеге келген. Ташкент тоқыма институтының механика-технология факультетін бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. 2003 жылдан бері Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығын басқарған.