Пікір • 27 Сәуір, 2023

Халық бірегейлігінің рәмізі

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясы форумның еліміздегі маңызды саяси оқиғалардың бірі екенін анық көрсетті.

Халық бірегейлігінің рәмізі

Президент Ассамблеяда сөйлеген сөзінде мемлекеттік құрылыстың іргетасы этносаралық келісім мен бірлікке негізделетінін аңғартты. Этносаралық қатынас бағытындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін кешенді міндеттер қойылды.

Мемлекет басшысы сөзінің негізгі түйіні мынандай тұжырымға саяды: жалпыұлттық бірегейлікті әлеуметтік-саяси, экономикалық және рухани құндылықтарды негізге ала отырып, табиғи әрі тарихи жолмен қалыптастыру және дамыту керек.

Президенттің айтуынша, «Біздің барша халқымыз өздерін үлкен және біртұтас қазақ ұлтының ажырамас бөлігі ретінде сезінеді», «ондағы әрбір этнос достықты, үй­лесімділік пен келісімді нығайтуға ба­ға жетпес үлес қосып отыр». Осы орай­да, Мемлекет басшысы жалпы­ұлт­тық біре­гейліктің нышанда­рын тағы бір мәрте атап өтті. Бірінші – азамат­тық біре­гей­лі­гі­мізді танытатын көк төл­құжат. Бұл бар­­лық азаматтың тең және мемле­кет­тің қор­­ғауында екенін көрсетеді. Екін­шісі – Қазақ­­станның тәуелсіздігін, оның ғасыр­лар бойы жалғасып келе жатқан мемле­кет­ті­­лігін бейнелейтін аспан түстес көк бай­рақ.

 

Ерлан ҚАРИН,

Мемлекеттік кеңесші 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше