Медицина • 06 Маусым, 2023

Білікті дәрігерлер тәжірибесі

2177 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Таяуда Астанада алғаш рет Ортаазиялық эндоскопиялық форум өтті. Іс-шараға эндоскопия дә­рі­­­гер­ле­рі, гастроэнтеролог, хирург, онко­логтер, эндоскопия мед­би­келері қатысты.

Білікті дәрігерлер тәжірибесі

Қонақтар бірін­ші күні эндо­скопиядағы мәсе­лелер турасында баяндады. Екінші күні Ұлттық ғылыми онко­логия орталығының са­рап­­та­малық эндоскопия опера­ция­лық­ орталығында дәрігерлер тіке­лей эфирде эндоскопиялық опера­циялардың барысын түсін­дір­ді. Яғни форумға келген қа­уым операция залындағы эндос­ко­пиялық операцияның барысын­ ба­қылады. Ол қонақтардың ара­сында Қырғызстан, Өзбек­стан, Әзербайжан, Тәжікстан, Моң­ғолия, Украина, Түркия, Ре­сей, Оңтүстік Корея және Жа­по­ниядан келген және тікелей эфир­де қосылған дәрігерлер бол­ды. Олар ішек қабынуының, ас­қазан-ішек жолдарының ісікке де­йінгі және ісікке дейінгі па­то­ло­гия­сының эндо­ско­пия­­лық диаг­­ностикасын және гепа­тобилиарлы ай­мақ пато­логия­сын емдеу әдіс­тері, жедел эндо­скопия, интервенциялық бронхология тақырыбына көбірек тоқталды.

Денсаулық сақтау минис­тр­­лігінің қолдауымен Ұлт­тық­ ғылыми онкология­ орта­лығы және «Қазақ эндос­копиялық қоғамы» бірлес­ті­гі ұйым­дас­тырған форумда­ меди­ци­на­лық­ жабдықтар шығаратын өндіру­шілер өздерінің соңғы әзір­лемелерін көрмеге ала келіп­ті. Ұлттық ғылыми онко­ло­гия­ орталығы бас­қар­­ма төраға­сы­ның меди­ци­­налық қызмет жө­нін­дегі орын­басары Әділбек Мұ­қа­жанов форумның мақсат-мін­деті тура­лы айтып берген еді.

– Форумға бас-аяғы 500-ден­­­ аса тәжірибелі дәрігер жиыл­ды. Олар­ саладағы жетістіктерді қам­тып, тә­жірибе алмасады. Ма­ман­дар эндоскопия бо­йын­ша баян­дама жасаумен шек­тел­мейді. Онкология ұлттық ғы­лыми орталығында біздің дәрі­гер­лер шетелдік мамандармен бір­лесіп операциялар жасайды. Соны форумға келген басқа да әріп­тестер онлайн тамашалап, тәжіри­бесін толықтырды. Бізде қазір эндоскопиялық онкология, эндоскопиялық хирургия қар­қынды дамып келеді. Шама­мен­ он жыл бұрын эндоскопия тек­ диагностикалық әдіс саналса,­ қа­зір емдеуге, хирургиялық операция жа­сауға да мүмкіндік бе­реді. Елде эндоскопиялық, диаг­ностикалық емдеу тәсілдері қол­жетімді.

Дәрігерлердің айтуынша, эн­дос­копия қатерлі ісіктің ал­дын алуға септеседі екен. Өйт­­ке­ні асқазан, ішек ауру­лары ас­қынып, қатерлі ісікке апаруы­ мүмкін ғой. Мұндайда нау­қас­ эндоскопиялық диаг­нос­ти­ка­дан өтіп, қатерсіз ісікті алдыратын болса, сауы­ғып кетеді. Сон­дықтан ауру­дың бел­гі­сі­ байқалса, эндоскопия­дан­ қа­шу­дың­ қажеті жоқ. Дәрі­гер­лер­дің өзі­ елуден асқан ере­сек­тер­­ге жы­­лына немесе екі жылда бі­р мәр­те эндоскопиялық тексеруден өту­ді ұсынады.

– Эндоскопияда жетіс­тік­тер көп дедік. Кемші­лік­тер­ де жоқ емес. Мысалы, ма­­ман­­­дардың тапшылығы, оқы­ту тәсілінің аздығы, серти­фи­кат беретін курстардың болмауы, тарифтің төмендігі алаңдатады. Оның барлығы шешімі бар мәселе десек болады. Форумның тағы бір мақсаты саладағы кем­шіліктерді ортаға салу, тә­жі­ри­бе алмасып, даму жолдарын қарастыру болды. Сәтін салса, жылдың екінші жартысында онкология орта­лы­­ғының жаңа ғимараты ашы­лады. Диагностикада қол­да­на­тын, онкологиялық ауруларды ем­дейтін құрал-жабдықтармен қам­тылады. Эндоскопияға да солай соңғы үлгідегі құрылғыларды аламыз. Осылайша, жұмысты біршама ширату жоспарда бар, – дейді Ә.Мұқажанов.