Қоғам • 07 Қараша, 2023

Қыран құс не алмайды салса баптап...

261 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Краснояр селосының жанындағы «Құлагер» атшабарында атақты бүркітші Мәсіп Батырханұлын еске алуға арналған құсбегілер сайысы болып өтті.

Қыран құс не алмайды салса баптап...

Жалпақ жұрт сүйсіне тамашалап, қызығына қанатын құсбегілер сайы­сы біздің өңірде осымен жиырмасыншы рет ұйымдастырылып отыр. Табиғаты тамылжыған сұлу өлкеде ілкі заманнан бері жалғасып келе жатқан ұлтымыздың ақсүйек өнері қайта жаңғырып, кеңінен қанат жаюда. Алдымен даңқты бүркітші Мәсіп Батырханұлы туралы бір ауыз сөз айта кетелік. Бүркітші 1940 жылы Мәскеу қаласында «КСРО аңшылық ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Ресми марапаты осы болғанымен, ең ыстық ықылас халықтың көкірегінде қалды. Отызыншы жылдардағы ақсүйек аштықта құсбегі қыран құсының арқасында тұтас бір ауыл­ды аман алып қалған. Жалғыз қыран құс қана емес, жүйрік тазы да баптаған. Қотан қоритын текті төбет те босағасынан арылмаған екен. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде аң терісінен тігілген киім-кешек, аң етін қан майданда соғысып жатқан жауынгерлерге үстін-үстін жіберіп, шарапатын тигізген.

Осы жолы Көкшенің көгілдір аспанын айрықша дүбірге бөлеген құсбегілер сайысына еліміздің он облысынан 63 үміткер қатысты. Сондай-ақ, Қырғызстан, Моңғолия, Қытайдан да келгендер бар. Шет елден келген құсбегілер арасында Моңғолияда тұратын қарындасымыз, атақты құсбегі Айшолпан Нұрғайыпқызы да болды. Осыдан бірер жыл бұрын Айшолпанның америкалық режиссер Отто Белланың көшпенділер өмірінен түсірген «Бүркітші» фильмінде басты рөл ойнағаны да белгілі.

Құсбегілер сайысы үш кезеңнен тұрды. 11 ителгі, 8 қаршыға, 44 бүркіт бабы мен бағын сынады. Зау биікке көтеріліп, топшысымен көгілдір ауаны тіле, құлдилап келіп, жеміне жай оғындай жарқ етіп ұмтылатын қыран құстың ерлігі мен өрлігіне төменде көз салып тұрып қаның қызады екен. Тұла бойы тегеурінді күш, тектіліктен тұратын осынау дархан даланың дарабоз құстарын айтқанына көндіріп, айдағанына жүргізген ата-бабамыз да осал емес-ау шамасы. Сайыстың екін­ші күні іріктелген 12 құсбегі қыран­да­рын түз аңына салды. Сарапшы­лар­дың ұйғарымы бойынша «Бүркіт», «Ителгі», «Қаршыға» аталымдарында бірінші орынға астаналық Серікбек Күнтуған, алматылық Сейітжан Алмас, қарағандылық Темірәлі Төлеген ие болды. Жеңімпаздарға бүркітші Мәсіп Батырханұлының атындағы естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Ақмола облысы 

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025