Оқиға • 26 Қаңтар, 2024

«3 күн іздедік». Боранда адасқан адамның денесі табылды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Күршім ауданында адасып кеткен адамның денесін тапты. 23 қаңтар күні екі адамның боранда адасып қалғаны хабарланған еді, деп жазады Egemen.kz.

«3 күн іздедік». Боранда адасқан адамның денесі табылды

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Боранда бағытты бағамдай алмаған адам сол күні денесін үсік шалған ауыр халде табылды. Оны санитарлық авиация Өскемендегі облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізген.

Ал екінші адамды іздеу-құтқару жұмысы 3 күнге созылды. Бүгін оның денесі табылды.

Қалың қар салдарынан іздеу жұмысын жүргізу қиынға соққан.

«Іздеуге құтқарушылар, полицейлер мен жер жағдайын жақсы білетін аудан тұрғандыры тартылды. Іздеу жұмыстары шана, шаңғы және атпен жүргізілді. Осылайша бүгін ер адамның денесі табылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», деп жазды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.