Қазақстан • 05 Сәуір, 2024

Көмір химиясы – Қазақстандағы экономикалық өсімнің жаңа нүктесі

219 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

15 ірі көмір химиясы жобасын іске асыру және 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құру үшін көмір химиясы өнеркәсібіне құйылатын инвестициялардың жоспарланған көлемі 12-13 млрд АҚШ долларын құрайды.

Көмір химиясы – Қазақстандағы экономикалық өсімнің жаңа нүктесі

Бүгінгі таңда Қазақстан көмір қоры бойынша әлемде сегізінші орынды еншілеп отыр: дәлелденген көмір қоры – 34,2 млрд тонна, бұл жалпы әлемдік көлемнің 4%-ын құрайды және еліміз үшін 250 жылдан астам уақытқа жетеді. Көмірдің ең үлкен кен орындары орталық, солтүстік және солтүстік-шығыс өңірлерде шоғырланған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында: «Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналды. Бұл ретте металлды терең өңдеу, мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн. Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек», деген еді.

П

«Парасат» кәсіпкерлер альянсы «Казхимпром» ЗТБ-ның және «Қазақстандағы көмір химиясын дамыту орталығы» ЖШС-нің қатысуымен Қарағанды, Павлодар, Абай, Ақмола, Қостанай облыстарында келесі перспективалы бағыттар бойынша 15 ірі көмір-химия жобаларын құру үшін 12-13 млрд АҚШ доллары мөлшерінде инвестициясалынатын Қазақстанның көмір-химия саласын құру тұжырымдамасын әзірледі:

  • агрохимия (карбамид, аммиак селитрасы, өнеркәсіптік мақсаттағы жарылғыш заттар және басқа да азот тыңайтқыштары) және арнайы химия саласында одан арғы өндірістік циклды өткізе отырып, көмірден синтетикалық аммиак өндіру;
  • түпкі өнім өндірумен көмірден полимерлерді одан әрі өндіру үшін метанол өндіру;
  • ПВХ, ПВС, БДО және басқа өнімдерді өндіру;
  • көмірден пероксид пен авиакеросин өндіру;
  • кокс газынан метанол мен сутегі өндіру;
  • энергетикалық және көмірхимиялық полигенерация.

Осы жобаларды іске асыру еліміздің жалпы ішкі өніміне зор үлес қосып, ішкі нарыққа және экспортқа жылына 8-10 млрд АҚШ доллары сомасында өнім шығаруды жолға қоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ 18 мыңнан 20 мыңға дейін жаңа жұмыс орындарын құрады.

Биылғы 3 сәуірде Shandong Energy Group, China National Chemical Engineering Co.,Ltd., East China Engineering Science and Technology Co, Ltd, Висон Инжиниринг сияқты ірі шетелдік инженерлік және өнеркәсіптік компаниялардың өкілдері Қазақстанның ірі көмір компанияларымен (ERG, Шұбаркөл-көмір, Шұбаркөл-Премиум, Богатырь Көмір және т.б.) көмір-химия жобаларын іске асыру бойынша бірлескен ынтымақтастық шарттарын және қажетті мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. Дөңгелек үстел басындағы әңгімеге Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, «Парасат» кәсіпкерлер альянсы басқармасының төрағасы, «Казхимпром» ЗТБ төрағасы Олег Пак, «Baytaq» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев, «Қазақстандағы көмір химиясын дамыту орталығы» ЖШС бас директоры Шу Чену, East China Engineering Science and Technology Co, Ltd Орталық Азиядағы және Ресейдегі бас директоры Сунь Цзясинь және басқалар қатысып, баяндама жасады. Сондай-ақ елімізде көмір-химия жобаларын іске асыруды бастау жөніндегі ниеттер туралы шарттарға China National Chemical Engineering Co., Ltd және «Шұбаркөл Көмір» ЖШС, East China Engineering Science and Technology Co, Ltd және «Karagandy CCI» ЖШС (меншік иесі – Шұбаркөл-Премиум), Висон Инжиниринг (Қытай) және «Директ» ЖШС өкілдері қол қойды.

Сондай-ақ дөңгелек отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Үкіметі атына көмір химиясын дамытатын негізгі шаралар туралы қарар қабылданды:

1. Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ВАК шеңберінде көмір-химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі ЖТ құру туралы.
2. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңның 24 және 40-баптарына сәйкес аумақтық кластерлерді дамытуды мемлекеттік қолдау туралы, қарайық:
- «ҚР көмір-химия өнеркәсібін дамыту» бойынша кластерге зерттеу жүргізу;
- осы кластерді дамытуды мемлекеттік қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуге көмек көрсету;
- «ҚР көмір-химия өнеркәсібін дамыту» кластерін құру бойынша қорытынды Хаттамалық шешіммен халықаралық ұйымдарды шақыра отырып, ҚР өнеркәсібінің кеңесі бойынша іс-шаралар өткізу;
- ҚР Өнеркәсіп министрлігінің Өнеркәсіп комитетімен, «Қазхимөнеркәсіп» ЗТБ және «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» QazIndustry «АҚ компаниясымен» көмірді дамыту.