Пікір • 08 Сәуір, 2024

Бірде-бір адам ескерусіз қалмайды

48 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бірқатар облыстағы тасқын суға байланысты еліміз Президентінің Қазақстан халқына үндеуіне орай әлеуметтік желіде пікір білдірді.

Бірде-бір адам ескерусіз қалмайды

Қарғын судың салдарынан еліміздің бір­қатар өңірінде күрделі жағдай қалып­тасып отырғанын айтқан Мәулен Әшім­баев: «Мұндай ахуал кейінгі 80 жыл­дан бері болмаған ең ірі табиғи апат екені айтылуда. Осыған байланысты Мем­­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуін жария­лап, тасқынның салдарын жою үшін қа­былданып жатқан шараларға тоқталды.

Президент тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің басшылығымен Респ­уб­ликалық штаб құрылды. Үкімет мүше­лері және тиісті сала өкіл­дері апат болған аймақтарда жүр. Қиын ахуалды еңсеру үшін күштік құры­лымдар да белсенді атсалысып жатыр. Барлық құтқару жұмыстары Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.

Осы ретте Парламент, оның ішінде Сенат депутаттары да өңірлерге барып, тасқын суға қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік жедел штабтардың жұмысына үлес қосып жатқанын атап өткен жөн. Сенаторлар апаттың беті қайтып, жағдай тұрақталғанша тұрғындармен бірге болады.

Мемлекет басшысы зардап шеккен азаматтардың шығындары толық өтелетінін айтты. Бірде-бір адам ескерусіз қалмайды. Осыған орай мемлекеттік материалдық резервті пайдалану тапсырылды.

Президентіміз атап өткендей, алдағы уақытта апаттан тиісті сабақ алып, қорытынды шығаруымыз керек. Соған сәйкес алдын алу жұмы­сын­дағы кемшіліктерді жойып, ондай олқы­лықтардың қайталанбауын қамтамасыз етуіміз қажет.

Осындай күрделі кезеңде жалған ақпаратқа бой алдырмай, ресми көздер таратқан мәліметтерге ғана жүгіну де аса маңызды. Сондай-ақ мұндай жағ­дайда қоғамның жұдырықтай жұмы­лып, бірлесіп әрекет еткені абзал.

Қазірдің өзінде өңірлерде волонтерлер мен жергілікті тұрғындар өз күш­­терімен тасқынға тосқын болып жат­­қанын білеміз. Өзге облыстардағы аза­мат­­­тар мен кәсіпкерлер де белсенділік та­ны­­тып жатыр. Осындай бекем бірлік­тің арқасында бұл қиындықты да еңсеріп шығамыз деп толық сенеміз», деп жазды.