Пікір • 19 Сәуір, 2024

Өркениетті қоғам құру жолында

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін қам­тамасыз ететін заңдарға қол қойғаны жөніндегі хабарды қуаныш­пен қарсы алдым. Заңдарға әйел мен балаға қатысты кез келген сипат­тағы зорлық-зомбылық үшін жауап­кер­шілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәме­летке толмағандардың қауіп­сіз­дігін нығайтатын нормалар енгізіл­ген.

Өркениетті қоғам құру жолында

«Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген сөз босқа айтылмаған. Отбасындағы ынтымақ-бірлік пен жарасымды тіршілік әйелге тікелей байланысты. Қай үйде әйел өзін жайлы, бақытты сезінсе, үнемі күліп-ойнап, көтеріңкі көңіл-күймен жүрсе, өміріне риза болса, сол үйде жарасымдылық та, молшылық та, бақ-береке де тұрақтайды. Ондай үйдің ер-азаматы әрқашан табысты болып, тәрбиелеп өсірген ұл-қыздары да жақсы адам болып өседі. Сол сияқты қай елде әйелдің құқығы толық қорғалып, гендерлік теңдік салтанат құрса, сол елдің мәдениеті кемелденіп, ғылым-білім, технология мен өнеркәсібі алға басып, экономикасы қуатты, қоғамы тұрақты болып жатыр.

Сол себепті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданып отырған заң елімізде гендерлік теңдіктің нығаюына және отбасылық зорлық-зомбылықтың тыйылуына әсер етеді деп сенемін. Түптеп келгенде бұл құжаттың қабылдануы Қазақстанды адам құқығы толық қорғалатын, қауіпсіз, өркениетті елге айналдыру жолындағы маңызды қадам болмақ.

 

Гүлжаһан САЙЛАУҚЫЗЫ,

педагог

 

Соңғы жаңалықтар

Шілікті шертер сыр көп

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Көз көруін операциясыз түзетеді

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

«AirPods Pro3»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Бәске тігілген самаурын

Жәдігер • Бүгін, 08:07