Пікір • 27 Сәуір, 2024

Шексіз құрметтің белгісі

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Мемлекет басшысы Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалар туралы заңына өзгерістер енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл – Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған үшінші заң. Бұдан бұрын вейптерге тыйым салу және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты заңға қол қойылды.

Шексіз құрметтің белгісі

Енгізілген түзетулерге сәйкес «Айбын» орденінің дәрежелеріне аты аңызға айналған батырларымыз – Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру көзделген. 

Мемлекеттік наградаларды атақты тұлғалардың атымен атау тәжірибесі көптеген елде бар. Мұндай қадам халық қаһар­мандарының есімін ұлықтауға, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға және отаншылдық сезімді оятуға зор үлес қосады. 

Атырауда өткен Ұлттық Құрыл­тай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» ордені­нің дәрежелеріне ұлт батыр­ларының есімін беруді ұсын­ды. Сондай-ақ Президент Талды­қорғандағы әскери авиабазаға Кеңес Одағының екі мәрте батыры Сергей Луганскийдің есімін беру туралы мәселе көтерді. Бұл ­бас­тамалар келесі жылы 80 жыл­дығы атап өтілетін ортақ жеңіске өлшеусіз үлес қосқан соғыс және еңбек ардагерлеріне жасалған шексіз құрметтің белгісі.

 

Ерлан ҚАРИН,

Мемлекеттік кеңесші