Алматы • 01 Мамыр, 2024

ЮНЕСКО-ИСЕСКО: Ұлттық комиссия отырысы өтті

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Алматы қаласында Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының отырысы өтті.

ЮНЕСКО-ИСЕСКО: Ұлттық комиссия отырысы өтті

Фото: akorda.kz

Басқосуға құзырлы орган­дардың өкілдері, ЮНЕСКО-ның орталық­тары мен кафедра­ларының жетекші­лері, Комис­сия жанындағы ұлттық коми­тет­тер­дің басшылары, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Аймақ­тық кеңсе­сінің өкілдері қатысты.

Жиында бүкіләлемдік гума­ни­­тарлық ұйыммен өзара ық­пал­дастықты дамыту мәселелері талқыланды. Ерлан Қарин Атырау­да өткен Ұлт­тық құрыл­тай­дың үшінші отыры­сында Мемлекет басшысы еліміз­дің ЮНЕСКО-мен арадағы ынтымақ­тастығының басымдық­тарын айқындап бергенін айтты. Президент Құрылтайда Қазақ­станның Бүкіләлемдік мұра комитетіне мүше болғанын атап өтіп, елі­міз­дің мәдени және таби­ғи мұ­ра­ларын ЮНЕСКО-ның Дүние­жүзі­лік мұра тізіміне енгізуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлт­тық кеңестің сәуір айын­дағы оты­ры­сында климаттың өз­геруі­не байланысты ЮНЕСКО аясында Алматыдағы Өңірлік гля­­цио­логиялық орталықтың жүйе­лі түрде жүргізіп отырған зерттеу­лерінің маңыздылығына айрықша назар аударды.

Осы орайда Мемлекеттік кеңес­ші уәкі­летті органдарға Қазақстан Рес­пуб­ликасы мен ЮНЕСКО арасын­дағы Орталыққа қатысты келісімнің мерзімін ұзарту мәселесін пысықтауды тапсырды.

Басқосуда ЮНЕСКО-ның аймақ­тық кеңсесі басшысының мін­детін атқарушы Айгүл Ха­лафова ЮНЕСКО және ИСЕСКО іс­тері жөніндегі ұлттық комис­сия­сының төрағасы Ерлан Қаринге «Тұранның қысқы суық шөлдері» көпұлттық аталымының құрамдас бөлігі ретінде «Алтын Емел» ұлттық паркі мен Барсакелмес қоры­ғы ЮНЕСКО-ның Дүние­жүзі­лік мұра тізіміне 2023 жылы енгізілгенін растайтын сертификаттың түпнұсқасын тапсырды.