Технология • 03 Мамыр, 2024

Кеңжолақты интернет игілігі

115 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бар­лық өңірді сапалы интернетпен қамтуға баса мән беріп отыр. «Цифрлық теңсіздікті» жою – маңызды. Сол себепті де халық аз қоныстанған аймақтарға кең жолақты интернет қолжетімділігін ұсыну жөніндегі жобалар көптеп іске асырылып жатыр. Экономикалық әлеуетті арттыру мен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Қазақстанның әрбір тұрғынын 100 Мбит/с-дан интернетпен қамтамасыз ету мақсаты тұр.

Кеңжолақты интернет игілігі

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Нақты іске келсек, 176 ауыл абоненттік қолжетімділік технологиясы ретінде «Wi-Fi Hotspot» желісіне қосылды. Осы ауыл­дарда кеңжолақты қолжетімділік қызметтерімен 17 мыңнан аса адам қам­тылды. Қазақстанның ғарыш саласын дамыту тұжырымдамасында еліміздің мүддесі үшін 328 ауылды кеңжолақты интернетке қосу міндеті бар. Ол үшін қазіргі заманғы кеңжо­лақты геостационарлық емес байланыс же­лі­лерінің шешімдерін дамыту қажет. Осы­ған байланысты «Көктерек» ОКЖ аума­ғында «OneWeb» геостационарлық емес байланыс желісін қосатын станса құру жұмыстары аяқталып қалды. Ком­мер­циялық қызметтерді ұсынуға техни­калық дайындық биылға жоспар­лан­ған.

«Ghalam» және ҚҒС алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – СбИК - кешенінің барлық инфрақұрылы­мы­н алдағы жобаларға сақадай сай ету. СбИК дегеніміз – Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені. Осы жолда «Ghalam» СбИК операциялық біліктілігі бойынша бірқатар тапсырманы сәтті орындады. Бұл – француз мамандарымен бірлесіп жүргізілген жүйелік-антенналық полигонның сынақ учаске­сін орнатудағы техникалық персонал­дың да, технологиялық жабдықтың да дайын­дығының көрсеткіші. Сондай-ақ «Airbus D&S» компаниясымен бірлескен жұмыстардың қорытындысы бойынша 2023 жылы СбИК кешені өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

Ал былтыр осы саладағы маңызды жоба – орта ажыратымдылықтағы Жер­ді қашықтан зондтау спутниктерінің топтамасын құру болды. Жоба агро­культуралық сектордың, төтенше жағ­дайлардың, сондай-ақ табиғи ресурс­тарды пайдаланудың мониторингі бағы­тындағы мәселелерді шешуге бағытталды. Былтыр «JerInSpectr» және «Minerals.gov.kz» цифрлық платформалары ком­мер­ция­лық пайдалануға берілді. Цифр­лық платформаларды енгізу бойынша жос­пар­дың орындалуы 40 пайызды құра­ды.

Биылғы наурызда «BAIKONUR» мобиль­ді­ қосымшасының көмегімен тестілік режім­де «Kazakhturism» өкіл­де­ріне «Зенит-М-ға» баруға рұқсат берілді. Бола­шақта «Байқоңыр» кеше­нінің бар­лық объек­тісіне, зымыран тасығышты ­да­йын­дау және ұшыру кезінде қосылған объек­ті­лер­ді қоспағанда, осы мобильді қосым­ша­н­ың көмегімен жіберу жоспарланып отыр.

Өткен жылы В.Г.Фесенков атын­да­­ғы Астрофизика институтында ас­тро­­но­миялық зерттеу хабын құру бо­йын­­ша маңызды жоба іске асырыла бас­тады. АстроХаб – Ассы-Түрген обсер­­ваториясындағы отандық және халық­ара­лық оптикалық телескоптарды, жерге жақын ғарыш кеңістігін мониторингтеу кешендерін, жердегі обсер­ватория­лар үшін оптикалық-механи­ка­лық аспап жасауда құзыреттілігі өсуін қамтамасыз ететін бақылаулар деректерін жинау­дың, талдаудың, сақтаудың аппа­рат­тық-бағдарламалық құралдарын бай­ла­ныстыратын бірыңғай экожүйе. Осы жұмыстардың бәрі ғарыш саласын игеру­­дің, кеңжолақты интернет игілігіне жету­дің – басы.

Сондай-ақ Цифрлық даму министрлігі Қол­жетімді интернет» жобасын іске асыр­мақ. Қазір қолданыстағы заңнамаға және қаржы тетіктеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Министрліктің хабарлауынша, осы саладағы негізгі ба­сым­­дықтың бірі – білім деңгейі мен экономикалық әлеуетті арттырып, Қазақстанның әрбір тұрғынын 100 Мбит/с-дан астам сапалы және қолжетімді интернетпен қамту. Сондықтан бұл тұрғыда «Қолжетімді интернет» – іргелі ұлттық жоба. Шағын және орта байланыс операторларын қолдау стратегиясы жоғары жылдамдықты интернетті 400 мың үй шаруашылығына жеткізуге және азаматтар үшін цифрлық техно­логияларға қолжетімділікті айтар­лық­тай жақсартуға мүмкіндік береді.

Мысалы, шалғайдағы және халқы аз ауыл­­­дарда электр бағаналары бойынша же­лі­­лер тартылып, жағдай жасалынбақ. Бұл оларды интернетке қосуды жеделде­туге және шалғайдағы ауылдарға ин­тер­нет-провайдерлерді кеңейту және жақ­сар­­туға, шағын және орта байланыс опе­ра­­­тор­ларын субсидиялауға мүмкіндік бе­ре­ді.

– Біз осы жобаны іске асыру арқылы біршама нәтижеге қол жеткізуді жос­парлап отырмыз. Министрлік салалық мемлекеттік орган ретінде Қазақстанның барлық халқын жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мақсатын көздейді. Яғни басты мақсат – 2027 жылға қарай, ауыл­дарда дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізу, бұл қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуға көмектеседі. 2027 жылы жоба аяқталғаннан кейін кемінде 2,3 млн ауыл тұрғыны жылдамдығы 100 Мбит/с құрайтын Интернет желісіне қол жеткізу арқылы жоғары жылдамдықты байланыс инфрақұрылымына қосылады, – деп түсіндірді Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов.

Бүгінде елімізде 90-ға жуық орта және шағын оператор жұмыс істейді. Олардың ішінен шағын және орта операторлар қауымдастығы құрылды. Осы шағын және орта байланыс операторлары саланың телекоммуникациясын және нарықта саламатты бәсекелестікті дамытудың тірегіне айналып отыр. Министрлік осы операторлардың дамуына кедергі келтіретін мәселелерді анықтап, шешуі қажет. Ғарыш саласы, операторлар мен байланыс инфрақұрылымын дамыта алсақ, цифрлық теңсіздіктен құтылудың ауылы алыс емес.