Кино • 22 Мамыр, 2024

Кино саласындағы серпіліс

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы Ұлттық киноны қолдау орталығы мен Францияның Ұлттық кинематография және анимация орталығы халықаралық Канн фестивалі аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кино саласындағы серпіліс

Фото: kazakhcinema.kz

Маңызды қадам қос ел ара­сындағы мәдени қарым-қаты­насты нығайтып, киноиндустрия саласын дамытуға бағытталған.

Меморандум аясында тараптар екі елдің кино өнімдерін өз аумақтарында таратуға қолдау көрсетеді.

«Кино өнімдерін шетелде тарату – мәдени әралуандықты ілгерілетудің маңызды факторы. Бұл орайда Франциядағы Ұлттық кинематография және анимация орталығы қазақ­стан­дық әріптестерге кино өн­дірісін халықаралық дең­гейде ілгерілетуге қатысты сараптамаларын бөліседі. Бұл – тәжірибе толыстыруға таптырмас мүмкіндік», дейді Қазақ­стан­дағы Ұлттық киноны қолдау орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.

Франция Ұлттық кинема­тография және анимация орта­лығы қазақ фильмдерін таратуға, француз фильмдерін қазақ тіліне дубляждауға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, Ұлттық кино­ны қолдау орталығы алғаш рет 77-халықаралық Канн кино­фестивалі аясында «Marche Du Film» кинонарығына қатысып жатыр. Ондағы мақсат – бірлескен киноөндірісті дамыта отырып, шетелдік серік­тестерді тарту, сондай-ақ отан­дық фильмдердің танымал­дылығын арттыру.

Соңғы жаңалықтар

Ер жігітке ерлік жарасады

Қоғам • Бүгін, 11:20

Аңызға бергісіз өмір

Еңбек • Бүгін, 11:10

Шеттің шаруақор әкімі

Аймақтар • Бүгін, 11:00

Қызмет жас буынды шыңдайды

Еңбек • Бүгін, 10:40

Жастарға – мол мүмкіндік

Жастар • Бүгін, 10:30