Спорт • 11 Маусым, 2024

Будапеште бұйырған алты жүлде

76 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мажарстанның астанасы – Будапеште күрес түрлерінен Имре мен Варга Яноштың мемориалы аяқталды. Бұған дейін біз Қазақстанның еркін күрес шеберлері арасынан Әлішер Ерғалидің (97 кг) алтын, Юсуп Батырмұрзаевтың (125 кг) күміс, Ризабек Айтмұханның (97 кг) қола медальді иеленгені жайында баяндадық.

Будапеште бұйырған алты жүлде

Келесі күні бозкілемге шыққан Азамат Дәу­­летбековтің жолы бол­­мады. 86 кг салмақта сын­ға түс­кен ол Олимпиада мен әлем чемпионатының, Еуропа ойын­дарының қола жүлдегері албаниялық Майлз Амин мен румыниялық Патрик Пуес­поекиді ұтқа­ны­мен, ширек финалда Иранның даңқты пехлеваны Хасан Яз­даниге жол берді. Ал қола медаль үшін бәсекеде Азаматтың жа­пониялық Хаято Ишигуроға әлі жетпеді.

Еркін күрестен өткен жарыс­тың жеңімпаздары: 57 кг – Рей Хигучи (Жапония), 61 кг – Арсен Харутунян (Армения), 65 кг – Котаро Киюоока (Жапония), 70 кг – Арман Андреасян (Арме­ния), 74 кг – Разамбек Жамалов (Өзбекстан), 79 кг – Отари Ба­гаури (Грузия), 86 кг – Хасан Яз­дани (Иран), 92 кг – Мириани Майсуразде (Грузия), 97 кг – Әлі­шер Ерғали (Қазақстан), 125 кг Масон Паррис (АҚШ).

Әйелдер күресінің хас ше­бері Жәмиля Бақбергенова өзінің үйреншікті 72 кг сал­мақ дәрежесіне қайта оралып, аталған турнирде қарсылас­тарының барлығынан басым түс­ті. Нәтижесінде, алтыннан алқа тақты. Дәл осы са­л­мақтағы Гүлмарал Ерке­баева қола ме­даль­ді мойнына ілді. Ал Эмма Тисина мен Марина Седнева (55 кг) және Ирина Казюлина (65 кг) елге құр­алақан қайтты.

Әйелдер күресінен өткен жарыстың жеңімпаздары: 50 кг – Зеги Фенг (Қытай), 53 кг – Эмма Малмгрен (Швеция), 55 кг – Йовита Мария Вжесень (Поль­ша), 57 кг – Кехин Хонг (Қытай), 59 кг – Алина Филипович (Украи­на), 62 кг – Ана Паула Гон­залес (Канада), 65 кг – Ирина Бондарь (Украина), 68 кг – Бусе Тосун (Түркия), 72 кг – Жәмиля Бақ­бергенова (Қазақстан) және 76 кг  Татьяна Рентерия (Колумбия).

Грек-рим күресінен өткен жарыста Айдос Сұлтанғали (60 кг), Демеу Жадыраев (77 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов пен Шәміл Ожаев (86 кг) және Әлім­хан Сыздықов (130 кг) сынды балуандардың өнерін тама­шаладық. Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері деген атағы бар Айдос алғашқы айналымда опық жеді. Жерлесіміз Оңтүстік Кореяның балуаны Ким Даухуннан ұтыл­ды. Дүниежүзілік доданың фи­налисі Демеу Жадыраев әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Еуропа чемпио­ны, әзербайжандық Санан Сулей­мановтың осал тұсын таба алмады.

86 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен сақа спорт­шы­мыздың екеуі де жеңіс тұ­ғырына көтеріле алған жоқ. Түркиялық Әли Чен­гиз Шәмілге шаң қап­тырып кетсе, Нұрсұлтан 2023 жылғы әлем чемпионы, ма­жар­стандық Давид Лошонциге жол берді. Ал Әлімхан Сыздықов «шу» дегеннен Түр­кияның тар­ланы Амин Генничиден ұтылды.

Грек-рим күресінен өткен жарыстың жеңімпаздары: 55 кг – Елдениз Әзизли (Әзербайжан), 60 кг – Придон Абуладзе (Груз­и­я), 63 кг – Мұрат Мамадов (Әзер­­байжан), 67 кг – Луис Аль­берто Санчес (Куба), 72 кг – Хасрат Жа­фаров (Әзербайжан), 77 кг – Нао Кусака (Жапония), 82 кг – Эрик Сильваши (Ма­жар­стан),  87 кг – Семен Нови­ков (Болгария), 97 кг – Мұхам­мад­­хаджи Сарави (Иран) және 130 кг Фардин Хейдаяти (Иран).