Taza.kz
Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
4098 материал табылды

Футбол • Кеше

Мессидің хет-тригі, Мбаппе мен Холанның дублі

Франция мен Сенегал құрамалары арасындағы матч қарсаңында осыдан 24 жыл бұрын өткен мына бір ойын еске түсті. 2002 жылғы әлем чемпионатының тұсаукесер кездесуінде аталған командалар өзара күш сынасты. Ол кезде француздардың әлем чемпионы деген атағы бар. Ал осындай ұлы дүрмекке алғаш рет қатысып отырған Сенегал аутсайдерлер санатында еді. Соған қарамастан алапат айқаста африкалықтардың асығы алшысынан түсті. 30-минутта Диоп соққан жалғыз гол Сенегалға жеңіс сыйлады.

Спорт • 17 Маусым, 2026

Жарыс күнделігі

Үш сайыстан түрлі жас ерекшелігі бойынша Сюйчжоуда (Қытай) өткен Азия чемпионатының алғашқы күні еліміздің әнұраны екі мәрте шырқалды. U-17 жарысында Рамазан Әйнегов, U-15 сайысында Ясмина Бузуртанова алдына жан салмады. Келесі күні құрамында Гор Депершмидт, Альхам Мұрат, Калерия Шнейдер, Алуа Нұрмұхамет сынды спортшылары бар команда (U-17) аралас эстафетада қолаға қол жеткізді.

Футбол • 17 Маусым, 2026

Жозимардың қақпасы сыр бермеді

Кеше дүниежүзілік доп додасының тағы төрт ойыны өтті. «Н» тобындағы Испания мен Кабо-Верде Атлантада, Сауд Арабиясы мен Уругвай Майамиде, «G» тобындағы Бельгия мен Мысыр Сиэтлде, Иран мен Жаңа Зеландия Иглвудте шеберлік байқасты.

Спорт • 16 Маусым, 2026

Жарыстар күнделігі

Филиппинде волейболдан әйелдер арасында Азияның Ұлттар кубогі аяқ­тал­ды. Топтық турнирде еліміздің құра­масы Гонконг (3:1), Индонезия (3:0), Иран (3:1), Ливан (3:0), Вьетнамды (3:2) ұтты. Қатарынан бес ойында жеңіске жетіп, өз тобында бірінші орын иеленген жер­лес­те­ріміз жартылай финалға шықты. Бірақ бұл межеде оларды Тайпей тоқтатты – 0:3 (23:25, 16:25, 14:25). Қола медаль үшін са­йыста Асқар Шалқыбековтің шәкірттері Вьетнамнан ойсырай ұтылды – 0:3 (17:25, 12:25, 19:25).

Футбол • 16 Маусым, 2026

«Неміс машинасын» тоқтату қиын

Демалыс күндері футболдан әлем чемпионатында Канада мен Босния-Герцеговина, АҚШ пен Парагвай, Қатар мен Швейцария, Бразилия мен Марокко, Гаити мен Шотландия, Аустралия мен Түркия, Германия мен Кюрасао күш сынасты. Кеше Нидерланд пен Жапония, Кот-д’Ивуар мен Эквадор, Швеция мен Тунис арасындағы тартыс­ты тамашаладық.

Спорт • 14 Маусым, 2026

Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты

Филиппинде волейболдан әйелдер арасында Азияның Ұлттар кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол • 13 Маусым, 2026

Мексика мүлт кеткен жоқ

Бейсенбіден жұмаға қараған түні Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында футболдан ХХІІІ әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Алғашында осы жерде жарыстың ашылу салтанаты өтті. Керемет шоуға ұласқан шара, жантебірентерлік ресми рәсім, тарихи турнирдің тұсаукесер кездесуін тамашалуға жанкүйер көптеп жиналды. 87 500 көрерменді сыйдыра алатын алып стадионда ине шаншар орын болмады.

Спорт • 13 Маусым, 2026

Жарыс күнделігі

ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде футболдан еліміздің ұлттық құрамасы 111-орында тұр. Маусым айында екі рет жасыл алаңға шыққан жерлестеріміз Армениямен (1:1) тең ойнап, Мажарстаннан (1:3) ұтылды. Үздіктер тізімінде Аргентина алда. Екінші, үшінші орында – Испания мен Франция. Сондай-ақ ТОП-10-дықтың қатарына Англия, Португалия, Бразилия, Марокко, Нидерланд, Бельгия, Германия командалары енді.

Спорт • 12 Маусым, 2026

Жарыс күнделігі

Жапонияның «Rizin FF» лигасында күш сынасып жүрген Қаршыға Дәуітбек (18–3) келесі жекпе-жегін 18 шілдеде Хиросима қаласында жергілікті файтер Кёхэй Хагивараға (9–11) қарсы өткізеді. Соңғы рет қандасымыз осыдан жарты жыл бұрын Сайтама (Жапония) қаласында Юта Кубомен (5–2) айқасты. Жекпе-жек барысында Күншығыс елінің өкілі Қаршығаның көзін шұқып алып, төреші бәсекені дереу тоқтатқан еді.

Спорт • 11 Маусым, 2026

Жарыс күнделігі

Футболдан еліміздің ұлттық құрамасы Дебрецен қаласында Мажар­станмен жолдастық кездесу өткізді. Кездесудің 9-минутында бұрыштамадан Максим Самородов берген допты Сергей Малый баспен ұрып қақпаға дөп түсірді – 0:1. Бұл есеп үзіліске дейін сақталды. Екінші кезеңде алаң иелері қарқынын күрт күшейтті. Екінші тайм басталғанда Доминик Собослай таразы басын теңестірді. 63-минутта екінші сары қағаз алған Самородов алаңнан қуылды. Содан кейін мажарстандықтар тағы екі рет мергендік танытып, бәсекені өз пайдаларына шешті, есеп – 3:1.

Яндекс.Метрика