Спорт • Кеше
26-28 маусымда Қытайдың Циндао қаласында жалауы желбірейтін Гранд Слэм турнирін қазақ жанкүйерлері тағатсыздана күтіп отыр. Өйткені осы жарыста Париж Олимпиадасының тарланы Елдос Сметов ұзаққа созылған үзілістен соң, алғаш рет татамиге шығады.
Спорт • Кеше
«Найман» деген жанама есіммен танылған Қуат Хамитов 11 шілдеде Грузияның Батуми қаласында өтетін RAF (Real American Freestyle) турнирінде Арменияның атақты спортшысы Арман Царукямен күш сынасады. 29 жастағы Арман қазір UFC-дегі ең белді шеберлердің бірі. Орта салмақтылардың рейтингінде ол екінші орында нық тұр. Царукянның алдында тек америкалық Джастин Гэтжи. Бұл салмақтың чемпионы – грузиялық Илья Топурия. Қап тауының тумасы 26 рет октагонға шығып, 23 бәсекеде басымдық танытты. 15 айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Ал 38 жастағы Қуат 27 рет жеңіске жетіп, 8 кездесуде жеңіліс тапты.
Спорт • Кеше
Дүние дидарында – дүбірлі доп додасы
Футболдан АҚШ, Мексика, Канада елдерінде өтетін ХХІІІ әлем чемпионатының басталуына санаулы күндер қалды. 11 маусымда шымылдығы түрілетін жарыс 19 шілдеде мәресіне жетеді. Іріктеу турнирінен іркілмей өткен 48 команда 38 күн бойы бәсекеге түсіп, үздіктерді анықтайды. Міне, осы дүбірлі доп додасы қарсаңында бір айдан астам уақыт бойы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударатын бірегей біріншіліктің тарихындағы қызықты деректерді оқырман назарларына ұсынамыз.
Спорт • 04 Маусым, 2026
Түркістанда ескек есуден жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. 7 маусымға дейін созылатын жарыста Дінмұхамед Шынқожаев, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Михаил Затолокка, Дмитрий Ладюков, Эдуард Ярлыков, Глеб Ударцев, Анатолий Русаков, Евгений Русаков, Стелла Суханова (байдарка), Сұлтан Шарапиев, Полат Төребеков, Владислав Руденко, Юрий Горобов, Татьяна Гладкова, Валентина Трапезникова, Елизавета Масякина, Мария Бровкова, Мария Карманова, Ульяна Киселёва, Руфина Ысқақова (каноэ) сынды спортшылар ел намысын қорғайды.
Шахмат • 04 Маусым, 2026
Норвегия астанасы – Ослода өтіп жатқан «Norway Chess Women» турнирінде Бибісара Асаубаева алдына жан салар емес.
Шахмат • 02 Маусым, 2026
Норвегия астанасы Ослодағы «Norway Chess Women» турнирінде жерлесіміз Бибісара Асаубаева табысты өнер көрсетіп жатыр.
Спорт • 02 Маусым, 2026
Испанияның Понтеведра қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогінің финалдық сайысы өтті. Алғашқы күні аралас жұптардың техникалық бағдарламасында Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов қола медальға қол жеткізді. Олар Ұлыбритания мен Испания спортшыларынан қалып қойды. Жекелеген сайыста италиялық Филиппо Пелати мен испаниялық Энеко Санчес Агиларды алға жіберген Алдияр Рамазанов та дәл сол межеден көрінді.
Шахмат • 17 Сәуір, 2026
Кипрдің Пафос қаласында «Үміткерлер турнирі» аяқталды. Осындай беделі зор, мәртебесі жоғары жарысқа еліміздің өкілі тұңғыш рет қатысты. Жерорта теңізінің жағалауында 22 жастағы Бибісара Асаубаева табысты өнер көрсетіп, жер-жаһан жанкүйерлерін асқан шеберлігімен тамсандырды.
Спорт • 15 Сәуір, 2026
Ереванда самбодан Әлем кубогінің кезеңдік сайысы аяқталды. Арнұр Қуантай (71 кг) қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені олжаласа, Жандос Бейсенбаев (71 кг), Еламан Қойшыбаев (98 кг), Темірлан Көлбай (98 кг) күміспен күптелді.
Күрес • 15 Сәуір, 2026
Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты мәреге жетті. Биыл күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындары мен Бахрейнде жалауы желбірейтін әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалып жатқан еліміздің ұлттық командасы Қырғызстанға қосалқы құрамдағы балуандарын жіберді. Күрестің үш түрінде күш сынасқан 30 жерлесіміздің жетеуі ғана жеңіс тұғырына көтерілді.