Теннис • Бүгін, 08:58

Рыбакина орнын сақтап қалды

1 мин
оқу үшін

«Ролан Гаррос» турнирі аяқталған бетте теннисшілердің рейтингі қайта жаңартылды. Париждегі сәтсіздігіне қарамастан Елена Рыбакина WTA тізіміндегі екінші орнын сақтап қалды.

Рыбакина орнын сақтап қалды

Сурет: offside.kz

Жерлесіміз Бела­русьтің бетке­ұста­ры Арина Соболен­кодан кейін орналасқан. Оларды польшалық Ига Швентек, АҚШ-тың қос шебері  Джессика Пегула мен Аманда Анисимова өкшелеп келеді. Күні кеше ғана аталған турнирде топ жарған ресейлік Мирра Андреева жаңартылған рейтингте алтыншы орынға көтерілді. Одан кейінгі сатыларға Коко Гауф (АҚШ), Элина Свитолина (Украина), Виктория Мбоко (Франция), Катерина Мухова (Чехия) жайғасты.

Осыған дейін АТР рейтингінің ТОП-10-дығында болған Александр Бублик 11-сатыға сырғып түсті. Көш басындағы жағдай өзгеріссіз. «Ролан Гарростың» екінші кезеңінде сүрінген италиялық Янник Синнер мен жарысқа жарақатына байланысты аталған додаға қатыс­паған испаниялық Карлос Алькарас бірінші, екін­ші орындарын сақтап қалды. Париждегі турнирдің триумфаторы Александр Зверев үздік үштікті түйіндеп тұр. Одан кейінгі сатыларда Феликс-Оже Альяссим (Канада), Бен Шелтон (АҚШ), Алекс де Минаур (Аустралия), Новак Джокович (Сербия), Даниил Медведев (Ресей), Тейлор Фриц (АҚШ), Флавио Коболли (Италия) сынды саңлақтар.

Еліміздің өзге теннисшілері төмендегідей орындарда: Юлия Путинцева – 87, Александр Шевченко – 97, Тимофей Скатов – 175, Бейбіт Жұқаев – 300, Михаил Кукушкин – 303, Денис Евсеев – 461, Жібек Құламбаева – 476. Жұптық жарыстарда табысты өнер көрсетіп жүрген Анна Данилина 6-орынды еншілеп тұр. Сербиялық Александра Круничпен бірге ол биылғы «Ролан Гарростың» финалында ойнады.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:10

Тарихы терең рухани орда

Аймақтар • Бүгін, 09:05

«Ацтека». Доп. Дүбір!..

Футбол • Бүгін, 09:00

Рыбакина орнын сақтап қалды

Теннис • Бүгін, 08:58