Оқиға • Бүгін, 10:03

Атырау облысында суға кеткен балықшының мәйіті табылды

1 мин
оқу үшін

Атырау облысында Жайық өзенінде балық аулау кезінде жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында суға кеткен балықшының мәйіті табылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 8 маусым күні кешкі уақытта Индер ауданына қарасты Бөдене ауылы маңында болған. 1993 жылы туған азамат балық аулап жүрген кезде суға батып кеткен.

Құтқарушылар екі күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 10 маусым күні марқұмның денесі оқиға орнынан шамамен 100 метр қашықтықтан табылып, судан шығарылды.

Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің 17 қызметкері, төрт техника және үш жүзу құралы жұмылдырылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар да көмек көрсетті.

Осы оқиғаға байланысты құтқарушылар тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Шомылу маусымы басталды: Су айдындарындағы қауіпсіздік деңгейі қандай?

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында өзенге батып кеткен үш мектеп түлегі туралы хабарланған болатын.

Түркістан облысында да екі ағайынды бала суға батып кетті.

Соңғы жаңалықтар