Taza.kz
Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
4065 материал табылды

Күрес • 15 Сәуір, 2026

Бұйырғаны – жеті жүлде

Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты мәреге жетті. Биыл күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындары мен Бахрейнде жалауы желбірейтін әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалып жатқан еліміздің ұлттық командасы Қырғызстанға қосалқы құрамдағы балуандарын жіберді. Күрестің үш түрінде күш сынасқан 30 жерлесіміздің жетеуі ғана жеңіс тұғырына көтерілді.

Тағзым • 15 Сәуір, 2026

Спорт кешеніне балуанның есімі берілсе...

Кезінде спорттың қай түрінен болса да, КСРО-ның спорт шебері нормативін орындау өте қиын еді. Ондай үлкен іс тек жалықпай еңбек етіп, жаттығу залында шелектеп тер төгіп, дүбірлі додаларда аянбай айқасып, барлық қиындыққа төзе білген саңлақтардың ғана қолынан келетін. 

Спорт • 14 Сәуір, 2026

Жарыс күнделігі

Еліміздің теннисшілері Астанада өткен Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңінде Канада құрамасын ұтып, биыл күзде жарыстың негізгі сынында күш сынасу құрметіне ие болды.

Футбол • 13 Сәуір, 2026

Қазақстан чемпионатының бесінші туры қандай нәтиже көрсетті?

Футболдан Қазақстан чемпионатының бесінші турында үш команда көш бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 13 Сәуір, 2026

Гимнасшылар Хорватиядан үш жүлдемен оралды

Хорватияның Осиегінде спорттық гимнастикадан Әлем кубогі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 13 Сәуір, 2026

Қазақ файтерлері қарсыластарын нокаутпен жеңді

Алматыда аралас жекпе-жектен IBA Nomad 14 деп аталатын халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 13 Сәуір, 2026

Көркем гимнасшылар Ташкентте күміс алды

Еліміздің көркем гимнасшылары Ташкентте ұйымдастырылған Әлем кубогінің топтық бәсекесінде екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 13 Сәуір, 2026

Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді

Кипрдегі «Үміткерлер турнирінің» 11-турында Бибісара Асаубаева қытайлық Тань Чждунъимен тең ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 13 Сәуір, 2026

Еркін күрес шеберлері Бішкекте қос қоланы қанағат тұтты

Қырғызстанның астанасы – Бішкекте өткен Азия чемпионатын еркін күрес шеберлері қорытындылады. Алғашқы айналымда Әди Серікұлы (65 кг) Такара Судадан (Жапония), Санжар Досжанов (70 кг) Сина Махди Халилиден (Иран) ұтылса, Мерей Базарбаев (57 кг) екінші кезеңде Фуга Сасакиден (Жапония) жеңілді. Бастапқы сынақта сүрінгендеріне қарамастан Дәулет Ергеш (79 кг) пен Бекзат Үркімбай (97 кг) жарысты жалғастырды. Бірақ олар да ұзаққа шаппады. Дәулет Сулдкху Олонбаярдан (Моңғолия), Бекзат атағы жер жарған Ахмед Таджудиновтан (Бахрейн) оңбай жығылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күрес • 12 Сәуір, 2026

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық

Былтыр Иорданияның астанасы – Амманда әйелдер күресінен өткен жарыста Жәмиля Бақбергенова (72 кг) алтыннан алқа тақса, Зейнеп Баянова (53 кг) қолаға қол созды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Яндекс.Метрика