Спорт • Бүгін, 07:50

Жарыс күнделігі

3 мин
оқу үшін

ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде футболдан еліміздің ұлттық құрамасы 111-орында тұр. Маусым айында екі рет жасыл алаңға шыққан жерлестеріміз Армениямен (1:1) тең ойнап, Мажарстаннан (1:3) ұтылды. Үздіктер тізімінде Аргентина алда. Екінші, үшінші орында – Испания мен Франция. Сондай-ақ ТОП-10-дықтың қатарына Англия, Португалия, Бразилия, Марокко, Нидерланд, Бельгия, Германия командалары енді.

Жарыс күнделігі
  • 17 маусымда Алматыда аралас жекпе-жектен өтетін АСА-205 турнирінде Артем Резниковтің (26-11) қарсыласы белгілі болды. «Спартак» деген бүркеншік есіммен танылған отандасымыз Заур «Эль Пантера» Гаджиевпен (13-5) күш сынасады. Артемге бұл жарыста міндетті түрде жеңіске жету қажет. Себебі ол соңғы жеті бәсекенің бесеуінде жеңілістің кермек дәмін татты. Енді «Спартак» тағы бір рет ұтылса, онда аталған промоушеннен кетуі мүмкін.
  • Бұл күндері Филиппинде волейболдан әйелдер арасында Азияның Ұлттар кубогі өтіп жатыр. Тұсаукесер кездесуде Қазақстан құрамасы Гонконгті ұтты – 3:1 (20:25, 25:17, 25:16, 25:13). Келесі кездесуде Индонезияны таза жеңді – 3:0 (25:19, 25:19, 25:18. Үшінші турда Иранды тізе бүктірді – 3:1 (13:25, 25:20, 25:14, 25:18). Одан кейін Ливанның тас-талқанын шығарды – 3:0 (25:11, 25:19. 25:14). Соңғы матчта Вьетнамға қарсы ойнадық. Фавориттерге қарсы өткен шиеленісті аса бәсекеде біздің қыздар тамаша ойын үлгісін көрсетіп, күмәнсіз жеңіске жетті – 3:2 (18:25, 25:19, 23:25, 25:22, 15:13). Сөйтіп, өз тобында бірінші орын алған жерлестеріміз жартылай финалға жолдама алды. Ал келесі топта Оңтүстік Корея мен Тайпей озды.
  • 25 жастағы ПСЖ-ның ойыншысы Хвича Кварацхелия УЕФА Чемпиондар лигасының ең үздік ойыншысы деп танылды. Өз мансабын Тбилисидің «Торпедосында» бастаған Хвича әр кездері Грузияның «Рустави» мен «Динамо Батуми», Мәскеудің «Локомотив», Италияның «Наполи» клубтарында ойнады. Былтыр Францияға қоныс аударып, ПСЖ-ның жейдесін киді. Вингер міндетін атқарып жүрген ол париждік командамен бірге 42 рет жасыл алаңға шығып, 12 голдың авторы атанды. Грузия құрамасы сапында 49 матчта қарсыластар қақпасын 22 рет дәл көздеді.

Биылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасы ПСЖ-ның жеңісмен аяқталғаны белгілі. Финалда олар Лондонның «Арсе­налын» пенальти соғу барысында (/1:1, 4:3) ұтты. Шешуші ойында да Кварацхелия гол соқты. Ал УЕФА-ның шартты құрамына мына ойыншылар енді: Қақпашы – Давид Райя («Арсенал»), Қорғаушылар – Нуну Мендеш (ПСЖ), Габриэл Магальяэс («Арсенал»), Маркиньос (ПСЖ), Маркос Льоренте («Атлетико»). Жартылай қорғаушылар – Хвича Кварацхелия (ПСЖ), Витинья (ПСЖ), Деклан Райс («Арсенал»), Майкл Олисе («Бавария»). Шабуылшылар – Гарри Кейн («Бавария»), Усман Дембеле (ПСЖ). 

Соңғы жаңалықтар

Уылжыған іңкәр сезім

Тұлға • Бүгін, 08:35

Мұхит баба ізімен

Тағзым • Бүгін, 08:25

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:50

Табыс тапсаң, «Таудай бол»!

Кәсіпкер • Бүгін, 07:30

Тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі

Шаруашылық • Бүгін, 07:20