Қоғам • 14 Маусым, 2024

Баспана – басты мәселе

92 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Он бір жыл пәтер кезегінде тұрған қала тұрғыны Алмас Танке­нов биыл Алматы қаласы әкімдігінен жаңа пәтердің кілтін алды. Қуаныш иесімен пікірлескенімізде мемлекеттік қолдау­дың, әсіресе жастар үшін білім алып, жұмыс істей бастаған ке­зеңде жеке баспанасының болғаны үлкен жеңілдік екенін атап өтті.

Баспана – басты мәселе

Фото: syrboyi.kz

«Пәтер кезегінде 2013 жылдан бері тұрамын. Осы жолы Алматы қаласы әкімдігінің қол­дауы­мен Наурызбай ауданын­дағы «Шұғыла» шағын ауданынан бір бөлмелі пәтерге қол жеткізгенде қуанышымда шек болмады. Бүгінде Алматы сияқты ірі мегаполистерде білім алып, жұмыс істеп жатқан жастар өте көп. Олардың әрі қарай от­басын құрып, әлеуметтік тұр­ғыдан мұқтаж болмауын қам­та­масыз ететіндей тұрғын үй бағдарламаларының көп болғаны абзал. Өйткені пәтер алуға қа­жет­ті алғашқы жарнаны жинау мәселесі жас мамандарға, жас отбасыларға қиындық туғызады. Өз басым осы қалада Аграрлық кол­леджді тәмамдап, Каспий уни­­­­­вер­ситетін қаржы мамандығы бойынша бітіріп шықтым», дейді Алмас.

Бүгінде Алмас жеке кәсіппен айналысып жүр. Осыдан төрт жыл бұрын отбасын құрған. Қа­зір­гі кезде жас шаңырақта бір бала өсіп келеді.

«Өз үйім, өлең төсегім» деген нақылдың маңызын енді түсініп жатқандаймын. Алған пәтерімнің ай сайынғы төлемі де отбасына салмақ түсірмейді. Бүгінде мен сияқты пәтер кезегін күтіп жүрген жастар қаншама? Олар жастық шағының жалдамалы пәтерде емес, өз шаңырағында өткенін қалайды. Болашақта әлеуметтік бағытта берілген пәтерлерді жекешелендіру мәселесі заңнамалық тұрғыда реттеліп жатса, құба-құп дер едім. Өйткені жылдар бойы кезек күтіп алған үйіңді әрі қарай өз отбасыңның игілігіне пайдаланғанға не жетсін», дейді қуанышын жасырмаған отау иесі.

 

АЛМАТЫ