Digital • 25 Қазан, 2024

Цифрлық экожүйелер ықпалдастығы

144 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сарапшылардың айтуынша, электронды коммерция және цифрлы технология сегментінің ішкі жалпы өнімдегі (ІЖӨ) үлесі 2%-ға, табыс 2,44 трлн теңгеге жеткен. Нарық бірер жылдан бері ғана өсім беріп жатыр. Негізгі сатылым маркетплейстерде жүзеге асып, сауда қарқыны 126%-ға ұлғайған. Электронды коммерцияның дамуына финтехтегі өзгерістер тікелей әсер етті. 2023 жылы онлайн транзакциялар 84%-ға артып, саудадағы орта чек 26,8 мың теңге болды. Бұл туралы Алматыда өткен «Kursiv Ecosystems Forum»-да айтылды.

Цифрлық экожүйелер ықпалдастығы

Сурет: ru.freepik.com

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің айтуынша, экожүйені сапалы өнімсіз дамыту мүмкін емес. Бізде оны дамы­тудың алғышарттары бар. Мәселен, апта басында Алматыда іске қосылған – «Activation Hub» жаңа инновациялық орта­лығы.

«1 млн тұтынушы әлі күнге ескірген ADSL технологияны, яғни мыс телефон сымдарын қолданады. Қазір оператордың алдында тұрған мәселе – 3 жыл ішінде 800 мың тұтынушыны мыс сымдарынан оптикаға ауыстыру. Ол үшін 400-500 млрд теңге қажет. 580 мыңға жуық клиенттің жоғары сапалы интернетке қолжеткізе алмай отыруының себебі – роутер сапасына байланысты. Тұтынушының үйіне дейін интернет сигналы 512 кбит/с жылдамдықпен келеді де, жабдықтың кесірінен жылдамдығы азайып кетеді. Стационарлық телефондардың сымы оптикалық құралдармен ауыстырылады. Бүкіл әлем мыс технологияларын оптикалық технологиямен ауыстыруға бет бұруда», деді.

Өткен аптада «Kaspi.kz» түркиялық «Heriburada» акцияларының 65% -ға жуығын сатып алу туралы келісімге қол қойды. Мәмі­ле сомасы – шамамен 1,13 млрд доллар.

«Біз Түркиядағы жетекші электрондық коммерция компанияларының бірі – «Hepsiburada»-мен күш біріктіру мүм­кін­ді­гіне өте қуаныштымыз. Біздің мақсат – нарығымызды 100 млн адамға дейін кеңейту. Мәміле аяқталғаннан кейін екі компания да өз бренді мен операциялық құрылымын сақтайды. Қазақстанда және Түркияда электрондық коммерция мен цифрлық қызметтерді ілгерілетуді жалғастыру үшін «Kaspi.kz» мен «Hepsiburada»-да бар бірік­ті­рілген білім мен технологияларды пайдаланамыз», дейді Михаил Ломтадзе.

Айтуынша, «Hepsiburada» тартым­ды­лы­ғы мен жақсы құрылымдық көрсеткіштері үшін таңдалды. Ол сондай-ақ отандық финтех-компания сервистерді әзірлеуге, дизайн мен қолдауға шамамен 200 млн доллар жұмсайтынын айтты.

«Freedom Holding Corp» бас атқарушы директоры Тимур Турлов әртүрлі компа­нияyың басын қосу арқылы экожүйе құры­лып, олардың әр салада лидерге айналғанын қалайтынын айтты.

«Мен өз командама біз еліміздегі ең мықты сервиске айналуымыздың өзі жеткіліксіз деп айтамын. Себебі бізге неғұр­лым жаһандық деңгейге шығып, әлем­дік деңгейдегі компаниялармен бәсеке­лесу үшін жұмыс істеу керек. Жаһандану бірінші кезекте мемлекеттік шекараларды және ұлттық реттеушілердің осы экожүйені қандай да бір дәрежеде басқару әрекеттерін елемей, цифрлық қызметтер нарығында жалғасып жатыр», дейді Т.Турлов.

Айтуынша, Деректерді өңдеу орталы­ғы­ның (ДӨО) құрылысы жалғасып жатыр. Жобаның қаржылық құны – 150 млн доллар. Жоба 2025 жылы пайдалануға берілмек. Тағы бір ірі жоба ретінде Т.Турлов Қытайдан Каспийге дейін жер үсті талшықты-опти­ка­лық кабель өткізуді атады. Сонымен қатар қалалар арасындағы республикалық авто­жол­­дардың бойында желілер тартылып жатыр. Ком­пания басшысының болжамынша, жер үсті желілерінің едәуір бөлігі келесі жылы салынады.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03