Мектеп • 21 Қараша, 2024

Мониторинг қорытындысы

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысының тапсырмасымен Оқу-ағарту министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бір­лесіп, еліміздегі мектеп асхана­­ларының сани­тарлық-эпидемиологиялық талап­қа сәйкестігіне мониторинг жүргізді. Соның қорытындысын Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндады.

Мониторинг қорытындысы

Шындығын айтқанда, мектептегі тамақтандыруды ұйым­дас­тырылуына атқарушы органдар тарапынан әлі де болса бақылау жеткіліксіз болып отыр. Сондай-ақ министр мұны заңнама талаптарының бұзылу фактілерінен де анық аңғаруға болатынын айтты. Мониторинг тобы заң талабының бұзылуы бойынша 771 фактіні анықтаған. Осының бәрі – республикалық мониторинг қорытындысында белгілі болды.

Бұдан бөлек, министрлік мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша кешенді бағалау жүргізген. Оған асханалардың материалдық-техникалық жабдық­талуы, бір оқушыға шаққандағы өңірдегі тамақ­тану құны, ата-аналар арасында жүргізілген сауал­нама ескерілді. Соның нәтижесінде, Жамбыл, Маңғыс­тау, Алматы, Атырау облысы мен Шымкент қаласы әкімдіктері тарапынан мектептерде сапалы тамақ­та­ну­ды ұйымдастыруға тиісті деңгейде көңіл бөлін­бе­гені расталды.

«Қазіргі таңда министрлік мектепте тамақтандыру қыз­метін сатып алу кезінде өнім берушілерді іріктеу талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға әкімшілік жауапкерші­лік енгізу мәселесін пысықтап жатыр», дейді Ғ.Бейсембаев.

Еске салайық, бұған дейін министрлік талаптарды күшейтіп, білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйым­дастыруға қатысты 7 нормативтік-құқықтық актіні қайта қараған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15