Заң • 07 Желтоқсан, 2024

Түркістанда жазғы дөңгелекпен жүргендер жауапқа тартылып жатыр

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жазғы дөңгелекпен жүрген 26 жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда жазғы дөңгелекпен жүргендер жауапқа тартылып жатыр

Биыл 1 желтоқсанан бастап техникалық регламентті сақтамағаны үшін автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынады.

- Түркістан облысында полицейлер автокөліктерде қысқы дөңгелек болмағаны үшін 26 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Полицейлер жүргізушілерді көліктің жағдайын тексеріп, мезгілге сай дайындауға шақырады, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, көлік жүргізушілері жазғы шиналарын ауыстырмаса, 1 желтоқсаннан кейін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес 5 АЕК (18460 теңге) мөлшерінде айыппұл арқалайды.