
QazaqGeography және QG Production бірлесіп жасаған «Janym Qazaqstan» жобасы еліміздің мәдени байлығы мен табиғи сұлулығын ілгерілетуге бағытталған бастама.
«Бізде әлемге көрсететін көп нәрсе бар. Бұл Аризона, Жаңа Зеландия немесе Швейцария емес. Бұл біздің бай, ерекше Қазақстанымыз, ол назар аударуға және таңдануға лайық» деді еліміздің Ыстамбұлдағы Бас консулы Аманқұл Нұриддин.