Қоғам • Кеше
Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?
Мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыс цифрлық форматта жаңа сапалық деңгейге көтерілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты тетігіне айналған eOtinish платформасы арқылы 2025 жылдың қорытындысында 5 миллионнан астам өтініш қабылданды. Бұл көрсеткіш азаматтар мен бизнес тарапынан жүйеге деген тұрақты сұранысты әрі өтініштерді қараудың жаңа форматының тиімділігін айғақтайды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • Кеше
Бейбітшілік кеңесі БҰҰ-ға балама құрылымға айналуы мүмкін бе?
Швейцарияның Давос қаласында өткен рәсімде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Құжатқа қол қою салтанатына 18 елдің басшылары мен ресми өкілдері қатысты. Бұл оқиға халықаралық саясаттағы жаңа құрылымның пайда болғанын аңғартты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Қазақстан азаматтары үшін Еуроодақ визасын алу жеңілдей ме?
Ел азаматтары үшін Еуропалық одақтың визалық режимін жеңілдету мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл бағыттағы келіссөздердің қазіргі барысын Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сенат отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Кино • Кеше
Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?
Лев Толстой өз дәуіріндегі дыбыссыз кинематографияның алғашқы қадамдарына зор қызығушылық танытып, оны «мықты мылқау» деп атаған. Әсілінде, күндердің күні дәл осы «мықты мылқауға» тіл бітіп, өнердің өрісін кеңейтетін әлеуеті барын болжаса керек сұңғыла жазушы. Бірақ бүгінгі гәп ол туралы емес. Толстой айтқан «мылқау» кино уақыт өте тіл қатқанымен, бүгінгі таңда оның кейбір туындылары көрермен назарына жете алмай қайтадан іштей тынып жатқанға ұқсайды. Сөз әлемдік кинофестивальдерде жүлде алып, сыншылардың жоғары бағасына ие болған фильмдердің отандық кинотеатрлардан көрсетілмеуі хақында. Сонымен мәселенің мәніне үңілу үшін, кино мен көрермен арасындағы бірнеше кедергіні зерделеп көрдік.
Digital • Кеше
ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды
ChatGPT кәмелетке толмаған пайдаланушыларды қорғауды күшейту мақсатында олардың жасын автоматты түрде айқындайтын жүйені іске қосады, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 20 Қаңтар, 2026
Есіл өзенінің экожүйесін сақтау үшін қандай шаралар жасалып жатыр?
Елордада Есіл өзеніндегі экожүйені қорғау және биоалуандықты сақтау мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылып жатыр. Іс-шараларды Есіл − Астана кеме қатынасы компаниясының мамандары жүргізуде, деп жазады Egemen.kz.
Құрылтай • 20 Қаңтар, 2026
Енді Мемлекеттік кеңесші лауазымы болмайды
Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші лауазымын жою жоспары бар екенін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, бұл шешім мемлекеттік басқару жүйесін ықшамдау және аппараттық құрылымдарды оңтайландыру аясында қабылданып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Құрылтай • 20 Қаңтар, 2026
Президент Ибраһим келісімдеріне не үшін кіргенімізді айтты
Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент дипломатияның жауапкершілігі мен халықаралық шешімдердің салмағына арнайы тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Қаңтар, 2026
Екі жылдың ішінде еліміздегі 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді
Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы мәдениет пен өнерді дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты екенін атап өтті. Оның айтуынша, қоғам санасы жаңғырмайынша, жүргізіліп жатқан реформалардың толық нәтижеге жетуі қиын. Сондықтан руханият саласына ерекше мән беріліп, алдағы кезеңде ауқымды жобалар жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.
Құрылтай • 20 Қаңтар, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Бос қиял мен құрғақ уәделерге қарсымын
Болашақты бағдарлап, жоспар түзгенде өмірдің нақты шындығына сүйену қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.