Taza.kz
Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
215 материал табылды

Digital • Кеше

Digital: дәуір дидары

Бұдан бір ғасыр бұрын өркениет өлшемі теміржол еді. Кейін оның орнын электр желісі алмастырды. Ал қазір ол өлшем де өзгерді. Енді мемлекеттің қуаты әскери әлеуетімен ғана емес, жасанды интеллектіні жұрт игілігіне жұмылдыра алуымен бағаланады. Алгоритм игерген алғыр елдер келешегін осы бағытта кескіндемек. Біздің еліміз де сол таңдаудың табалдырығында тұр.

Ғылым • 16 Маусым, 2026

Жас ғалымдарға жол ашылады

Жасанды интеллект, цифрлық ел, технологиялық серпіліс туралы көп айтамыз. Бірақ кез келген ғылыми жаңалықтың артында бір ғана негізгі күш тұр. Ол – адам капиталы. Ғылымды алға сүйрейтін «ынталы жүрек» болмаса, зертхана да, инновация да ұшпаққа шықпайды. Сондықтан бүгінде мемлекет ғылымның сәулетін ғана емес, дәулетін де арттыруды, анықтап айтсақ, кадрларды даярлау ісін стратегиялық деңгейге көтеріп отыр.

Қоғам • 11 Мамыр, 2026

Өндіріске қосылатын өнертабыс

Бүгінде ғарыштан түсірілген суреттер арқылы жолдардың жай-күйін бақылауға болады. Тіпті заңсыз құрылыстарды анықтап, егістік алқаптарының жағдайын білуге мүмкіндік бар. Көпшілік мұндай технологияларды тек шетелдік ірі компаниялар жасайды деп ойлайды. Алайда өз студенттеріміз бен жас инженерлеріміз де осы бағытта нақты жобалар әзірлей бастады. Жуырда Nazarbayev University қабырғасында өткен «NURIS Hardware Challenge 6.0» байқауы соның бір дәлелі болды.

Таным • 15 Сәуір, 2026

Танымдық әділет

Академик Ғарифолла Есім «ұлы» деген сөзді ұқыпты жұмсау керектігін айтады. Не дегенмен, осы бір айқындауышты ақынға да, батырға да теліп, «ұлы» сөзінің қасиетін түсіріп алғанымыз рас. Асылында, ұлылық – Жаратушының метафорасы еді. Ал Жаратушы – абсолют ұғым. Бұл тақырыптың соншалық тереңдігін Ибн Арабидің «Фусус әл-хикам» (Даналық сипаттары) деген кітабынан анық аңғардық.

Жасанды интеллект • 11 Сәуір, 2026

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллектінің қолданылу аясы күннен-күнге кеңіп келеді. Бұрын IT мамандарының ғана құралы болса, қазір оны әр азамат қажетінше пайда­ланады. Бұл заман тудырған талап. «Digital Bridge» – 2025 халықаралық фо­румында Мемлекет басшысы осы үрдістің мән-маңызына тоқталған еді. Цифрлық сауаты жоғары белгілі бір топ алгоритмдерді пайдаланып, өзіндік ойлау моделін қоғамға қасақана таңуы ықтимал. Сондықтан «технология таңдаулыларға ғана емес, баршаға қызмет етуге тиіс» деген еді. Былтыр ғана ашылған Alem.ai жасанды интеллект орталығы осы мақсатта қызмет етіп жатыр.

Ғылым • 11 Сәуір, 2026

Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология

Ауаның ластануы – көзге көрінбесе де, денсаулыққа әсер ететін ең үлкен қауіптің бірі. Зауыт мұржасынан шыққан қою түтін мен шаң көпшілік үшін үйреншікті көрініске айналған. Енді осы мәселенің түйінін тарқататын нақты шешім пайда болды.

Руханият • 10 Сәуір, 2026

Әзірет сұлтан әлемі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әзірет сұлтан» әлеміне терең бойлап, оның кең түрде насихатталуына маңыз берген еді. Оның Түркістан жұртшылығымен кездесуде айтқан сөзі мемлекеттің рухани ұстанымын айқындай түсті. Сонымен, Президент қан­дай тапсырма жүктеді? Біріншісі, Қожа Ахмет Ясауиді ең алдымен қазақ халқының мақ­танышы ретінде қабылдау; Бабамызды ірі мемлекеттерде кең ауқымда дәріптеу; Ол туралы жоғары сападағы туындылар мен фильмдерді жарыққа шығару; Әр облыста Ясауи оқуларын ұйымдастыру; Мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу.

Digital • 03 Сәуір, 2026

Цифрлық кеңістіктегі қазақ тілі

Жаңа қабылданған Конституция тұңғыш рет қазақ тілін­де әзірленіп, мемлекеттік мүдденің ұлттық мұратпен сәйкестігін көрсетті. Өйткені бұл құжат – құқықтық акт қана емес, елдік сананың даму арнасын айқындайтын тұрлаулы тұжырымдама. Оның мемлекеттік тілде жазыл­ғаны өзге де салаларға үлгі болуға тиіс.

Әлем • 03 Сәуір, 2026

Айға аттанар күн жақын

АҚШ 54 жылдық үзілістен кейін Айға адам ұшыру бағдарламасын қайта бастады. NASA «Артемида-2» миссиясы аясында төрт ғарышкерді Айға жіберуді жоспарлап отыр.

Президент • 20 Наурыз, 2026

Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мұқым мұсылманның ұлық айы Рамазан аяқталып, айт мейрамы басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осынау күнмен барша ел азаматтарын құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Яндекс.Метрика