Наурызнама • 17 Наурыз, 2026
Шаңырақ күні: Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді?
Халқымыздың басты мейрамы – Наурыз қарсаңында елордада 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Наурызнама онкүндігінің аясындағы әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Бүгін, 17 наурыз – Шаңырақ күні, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 17 Наурыз, 2026
Ормұз бұғазы: Иран шарт қойды, әлем энергетикасы алаңдаулы
Иран Ормұз бұғазы арқылы кеме қатынасын қайта жандандыруға дайын екенін мәлімдеді. Алайда Тегеран бұл үшін бірқатар саяси және экономикалық талаптардың орындалуын шарт ретінде алға тартып отыр. Бұл туралы ирандық Tasnim агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 16 Наурыз, 2026
Жасанды интеллект: мифтен механикаға дейін
Адам баласында арман таусылған ба? Қиялына қанат бітіріп, талаптың тұлпарын мінгізетін осы құдіреттің арқасында өркениет өрге басты. Күнделікті өмірімізге тонның ішкі бауындай араласып кеткен жасанды интелект те адамзат арманының бір бөлшегі. Ежелгі замандағы ерен ойшылдар өздігімен ойланып, дербес қимылдайтын көмекшіні әбден қиялдаған. Сол себепті қазіргі роботтардың арғы бейнесін көне мифтерден, көркем шығармалардан, мүсіндер мен суретерден анық аңғарамыз.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Мьянма бақылаушысы: Қазақстандағы референдум тәжірибесі – басқа елдерге үлгі
Елімізде өткен республикалық референдумға халықаралық миссиялардың өкілдері өз бағасын беруді жалғастырып жатыр. Шетелдік бақылаушылардың айтуынша, конституциялық өзгерістерді талқылау барысында азаматтардың жоғары белсенділігі байқалған, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
«Халық үні»: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Елордада «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы жаңа Конституция жобасына қатысты өткен референдумды бақылау нәтижелерін жариялаған баспасөз конференциясын өткізді. Жиында қоғамдық бақылаудың қорытындысы таныстырылып, азаматтық бастаманың саяси мәдениетті қалыптастырудағы маңызы сөз болды, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
ШЫҰ байқаушылары: Референдум демократиялық дамуға серпін берді
Елімізде өткен республикалық референдум халықаралық байқаушылардың назарында болды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының миссиясы елдегі саяси науқанның дайындалуы мен өткізілу барысын бақылап, оның заң талаптарына сай өткенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстанның референдумға сапалы дайындалғанын атап өтті
Түркия Республикасы Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер Астана қаласындағы №149 сайлау учаскесіне барып, Қазақстанда өтіп жатқан жаңа Конституция бойынша референдум туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді
Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты республикалық референдумда дауыс берді. Ол таңдауын елордадағы «Астана Опера» театры аумағында орналасқан учаскеде жасады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Батыс Қазақстанда «Жәңгір хан» дауыс берді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні ерекше көріністермен есте қалуда. Хан Ордасы ауылындағы №60 сайлау учаскесінде тарихи костюм киген Жәңгір хан бейнесінде жергілікті тұрғын келіп, сайлаушылардың назарын аударды, деп жазады Egemen.kz.
Наурызнама • 15 Наурыз, 2026
Наурызнама: бүгін – қайырымдылық жасайтын күн
Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – қайырымдылық күні ретінде белгіленген. Бұл күні еліміздің әр өңірінде мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Қоғамда мейірім мен жанашырлықты насихаттауды мақсат еткен бастамалар арқылы адамдар бір-біріне қол ұшын созып, игі дәстүр жаңғырады, деп жазады Egemen.kz.