Университет • 18 Наурыз, 2026
Университеттерді қаржыландырудың жаңа жүйесі енгізіледі
Елімізде жоғары білім беру жүйесін қаржыландыру тетіктері жаңарып, тиімділігі артпақ. Бұл бағыттағы өзгерістер азаматтардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуге және университеттердің бәсекеге қабілетін күшейтуге негізделген, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 18 Наурыз, 2026
Алдағы жылдары мектеп оқулықтары толығымен жаңартылады
Елімізде мектеп оқулықтарын жаңарту жұмысы жүйелі түрде жалғасады. Алдағы жылдары білім мазмұнын жетілдіру мақсатында бірқатар сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтары кезең-кезеңімен әзірленіп, қолданысқа енгізілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Наурыз, 2026
Вице-премьер: Әлеуметтік саясаттың өзегі – адами капитал
Елде конституциялық реформаны іске асыру аясында әлеуметтік мемлекеттің жаңа үлгісі қалыптасып келеді. Бұл бағытта бұрынғыдай жәрдем мен кепілдікке ғана емес, азаматтың біліміне, кәсіби машығына, еңбекке бейімделуіне басымдық беріледі. Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әлеуметтік және Еңбек кодекстеріне енгізілетін өзгерістер туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 17 Наурыз, 2026
Жаңа Конституция: халық таңдауы айқындалды
Жаңа Конституция бойынша өткен референдум ел азаматтарының өзгеріске дайын екенін көрсетті. Ресми мәліметке сүйенсек, дауыс беруге халықтың 73,12 пайызы қатысып, оның 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдады. Бұл – жұрттың елдің болашағына бейжай қарамайтынын, даму бағытын бірге айқындауға ниетті екенін білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Рекорд • 17 Наурыз, 2026
Жаңа рекорд: Алматыда бір мезетте 11 500 оқушы күй тартты
Алматыда Наурыз мерекесіне орай бұрын-соңды болмаған ауқымды музыкалық флешмоб өтіп, бір мезетте 11 500 оқушы домбыра тартып, Қазақстан рекордын жаңартты, деп жазады Egemen.kz.
Марапат • 17 Наурыз, 2026
Дихан Қамзабекұлы ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
Бүгін елімізде жаңа Конституция қабылданды. Осы тарихи оқиға аясында мемлекет дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп жазады Egemen.kz
Президент • 17 Наурыз, 2026
Тоқаев: Жаңа Конституция Қазақстанның жаңа дәуіріне жол ашады
Ақордада Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға қол қойды
Ақордада жаңа Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Наурыз, 2026
Президент Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
Ақордада жаңа Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті. Ел дамуы үшін маңызды саналатын құжаттың қабылдануына орай ұйымдастырылған шараға мемлекет басшылығы мен қоғам өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 17 Наурыз, 2026
Елімізде жол құрылысына бөлінген бюджет талан-таражға түскен
Елдегі жол құрылысына бөлінген қомақты қаржының тиімді игерілмегені белгілі болды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, жүздеген миллиард теңгеге қатысты күмәнді деректер анықталған, деп жазады Egemen.kz.