Білім • Бүгін, 10:25

Алдағы жылдары мектеп оқулықтары толығымен жаңартылады

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде мектеп оқулықтарын жаңарту жұмысы жүйелі түрде жалғасады. Алдағы жылдары білім мазмұнын жетілдіру мақсатында бірқатар сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтары кезең-кезеңімен әзірленіп, қолданысқа енгізілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы жылдары мектеп оқулықтары толығымен жаңартылады

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылы 3, 4, 7, 8 және 9 сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылатынын мәлімдеді. Ал 2027 жылы 1 және 5 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар жарық көреді. Сонымен қатар осы жылы 10-11 сыныптардың оқулықтары, карталар мен тарихи әкімшілік материалдар толық жаңартылып, қайта қаралады. 2028 жылы 2 және 6 сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды шығару жоспарланған.

Жаңа Конституция – елдіктің тірегі, егемендіктің тұғыры

Министрдің айтуынша, бұл қадам оқушылардың сапалы білім алуына, олардың аналитикалық және ғылыми ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ қазіргі экономика талаптарына сай құзыреттерді қалыптастыруға негіз болады.

«Дәл осы тәсіл оқушылардың сапалы дайындығын қамтамасыз етуге, олардың аналитикалық және ғылыми ойлауын дамытуға, сондай-ақ қазіргі экономикада сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, білім беру жүйесі Мемлекет басшысының алға қойған жаһандық ғылыми-технологиялық өзгерістер жағдайында лайықты бәсекелесе алатын технологиялық ұлт қалыптастыру жөніндегі стратегиялық міндетін дәйекті түрде жүзеге асыратын болады», деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға басымдық беріледі. Бұл бағытта өндіріс пен білім беру арасындағы байланысты нығайтатын дуальды оқыту жүйесін жетілдіру көзделген.

Оқулық мазмұнына кім жауапты?

Бұдан бөлек, тәрбие жұмысы да жаңа мазмұнмен толықпақ. Атап айтқанда, 5-9 сыныптарға арналған «Адал Азамат» бірыңғай бағдарламасы, «Конституция негіздері», «Заң мен тәртіп» курстары, сондай-ақ экологиялық білім беру бағыттары енгізіледі. Бұл бастамалар оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, патриоттық санасын қалыптастыруға ықпал етпек.

Талғамай оқудың пайдасы бар ма?

Жалпы, қолға алынған шаралар білім беру сапасын арттырып, зияткер, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар