Фото: gov.kz
Мемлекеттік қызмет алуды жоспарлаған азаматтар мереке күндеріне байланысты келесі кестені ескеруі қажет:
1, 7 және 9 мамыр – еліміздегі барлық ХҚКО-лар мен Мамандандырылған ХҚКО-лар, соның ішінде кезекші орталықтар үшін де демалыс күні. Бұл күндері орталықтар қызмет көрсетпейді.
2 және 11 мамыр күндері тек қана кезекші орталықтар жұмыс істейді. Олардың жұмыс уақыты шектеулі:
-
Жалпы ХҚКО-лар 9:00-ден 13:00-ге дейін;
-
Мамандандырылған ХҚКО-лар: Өтініштерді қабылдау сағат 12:00-ге дейін жүргізіледі, ал дайын құжаттарды сағат 13:00-ге дейін алып кетуге болады.
Еске сала кетейік, кезекші ХҚКО-лар әдеттегідей сенбі күндері де (мереке күндерінен бөлек) сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Қалған күндері барлық орталықтар стандартты жұмыс кестесіне (9:00-ден 18:00-ге дейін) көшеді.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік қызметтердің көпшілігін eGov.kz порталы, eGov Mobile қосымшасы немесе @kenes1414bot Telegram-боты арқылы онлайн алуға болатынын ескертеміз.