Аймақтар • Бүгін, 12:30

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында 31-шағынауданда орналасқан алты қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің жертөлесінен өрт шықты. Құтқарушылар оқиға орнынан 14 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды

Ведомство мәліметінше, оқиға туралы хабарлама жедел қызметтерге түскеннен кейін, оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде жіберілген.

«Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Өртті сөндіру және барлау барысында құтқарушылар үйден 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады», деп хабарлады ТЖМ.

Өрт қысқа мерзімде сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

Жылыту маусымында тұрғын үйлердегі өрт 16%-ға азайды

Соңғы жаңалықтар