Спорт • Бүгін, 11:53

Самоделкина мен Жиренбаев Прагада өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25-29 наурыз аралығында Чехия астанасында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді. Дүбірлі додада еліміздің намысын екі спортшы қорғайды, деп жазады Egemen.kz.

Самоделкина мен Жиренбаев Прагада өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

Халықаралық конькишілер одағы жариялаған ресми тізімге сәйкес, әлем біріншілігінде еліміздің атынан Софья Самоделкина мен Диас Жиренбаев сынға түседі. Қос спортшы да маусым бойы жинақтаған тәжірибесін халықаралық деңгейде дәлелдеуге мүмкіндік алады.

Олимпиада-2026: Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан үздік ондыққа кірді

Ал Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров бұл жолғы жарысқа қатыспайды. Спортшы тығыз жарыс кестесінен кейін толық қалпына келуге уақыт бөлуді жөн көрген.

Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?

Прагадағы әлем чемпионаты – маусымның басты бәсекелерінің бірі. Онда әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушылары жиналып, медальдар жиынтығын сарапқа салады. 

Соңғы жаңалықтар