Форум • 05 Ақпан, 2025

«Industrial AI»: стартаптар серпілісі

75 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Алматыда «Атакент» іскерлік орталығында Digital Almaty-2025 «Industrial AI: жаңа дә­уір­ге арналған технология­лар» халықаралық фору­мы өтті. Еуразиялық эко­номикалық одақ және әлем­нің өзге елдерінен жи­нал­ған сарапшылар жасан­ды интеллекттің зама­науи жетістіктерімен та­нысты.

«Industrial AI»: стартаптар серпілісі

Форумды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкім­дігі және «Инновациялық техноло­гиялар паркі» ұйымдастырды.

2030 жылға қарай AI-дің әлем­дік экономикадағы үлесі шамамен 20 трлн долларға жетеді. Форумда Премьер-министр Олжас Бектенов жасанды интеллект технологиялары есебінен ІЖӨ өсімін жыл сайын 2-3 па­йызға жеткізуге болатынын атап өтті. Осыған байланысты алдағы 5 жылда елімізде 1 млн-ға жуық маман оқыту көзделіп отыр.

Президенттің халықаралық жасанды интеллект негізінде құ­зыреттер экожүйесін құру бас­тамасына орай биыл Астанада «Аlem.АІ» орталығы ашыла­ды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының ал­дағы жұмысымен таныстырып, көш­басшылар қатарынан табылуға ұмтылысы жайында айтты.

ап

Бүгінде AI-стартаптарын қолдау үшін «Astana Hub» базасында венчурлік инвестициялар қоры құрылған. Оның бастапқы капиталы 130 млн долларды құрайды. Министр атап өткендей, қордың нысаналы көлемін 1 млрд-қа дейін жеткізу көзделген. Қазіргі кезде мыңнан астам «Astana Hub» қатысушыларының 150-і AI-стартаптары. Олардың қатарында «Higgsfield AI», «Cerebra AI», «CodiPlay», «Arlan Biotech» және «Alaqan» сияқты жобалар бар.

«Dealroom.co» негізін қалау­шысы және бас директоры Йорам Вийнгаарденің айтуынша, Қазақстан қазірдің өзінде Орта­лық Азияға инвестицияланатын венчурлық капиталдың 15-20 пайызын иеленіп отыр. Әлемнің жетекші технология­лық экожүйелерімен теңдесіп, құны 10 млрд доллар болатын стартаптардың технологиялық экожүйесін құрып, маңызды ойыншы атанып отыр.

Бүгінде Орталық Азияның цифр­­лық хабы саналатын Алма­тыда еліміздегі IT-ком­па­ниялардың үштен бірі орна­лас­қан. Қала басшысының тапсырмасына сәйкес, оңтүстік шаһардың ІТ-экожүйесін дамыту бағдарламасына тартылған инвестицияның жалпы сомасы 19,2 млн долларды құрайды. Стартаптардың табысы 5,37 млрд теңгеге жетіп, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.

Форумда ұсынылған ЖИ-стар­таптары мен жобалар қатарында ChatGPT қазақша нұсқасының мүмкіндіктері кеңінен айтылды. Алдағы уақытта Назарбаев университеті ғалымдары «Kaz LLM» жасанды интеллектін іске қоспақшы. «Kaz LLM» базасы халқымыздың тілін, мәдениетін, тарихы, әдебиеті, сондай-ақ ғылыми еңбектер, басқа да дереккөздерді қамтиды. Ал әлемнің 10-нан астам елінде қолданылып жатқан «Codiplay» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері туралы жоба жетекшісі Жанәділ Талдыбаев айтып берді. Айтуынша, жоба­ның еліміз мектептерінде қол­данылуы білім сапасын арттырып, оқушыларды цифрлық әлем­нің сын-қатерлеріне дайын­дайды. Бәсекеге қабілетті дағ­ды­ларға баулиды. «EdTech» сала­сындағы «CodiPlay» стартапы цифрлық сауаттылыққа үйре­тудің ерекше тәсілдер, инно­вациялық шешімдер ұсынады. Қосымшаға былтыр Түркістан облы­сындағы 10 білім беру ұйымы қосылған болса, биыл Ақтөбе және Қарағанды облыс­тарын қамтығанда, 60 мектепті қосу жоспарланып отыр.

па

Мектептерге арналған «Ala­qan mektep» экожүйесімен компанияның негізін қалаушысы Берік Нұрымбетов таныстырды. Оқушылар мектепке турникет арқылы кіргенде, қосымша оқушының алақаны арқылы мәліметтер береді. Асханада, кітапханада, жеке шкафын қолданғанда экожүйе баланың қозғалысын бақылауға ықпал етеді. Ата-аналар балалардың мектептегі өміріне осылайша қашықтықтан қатыса отырып, мобильді қосымша арқылы қимылын бақылап отырады. Қазіргі кезде мобильді тегін қосымшаны Ақмола, Атырау Ақтөбе облыстарындағы 300-ден астам мектеп қолданып жатыр.

«Ертұмар» компаниясының директоры Теміржан Біржан еліміздегі бірқатар оқу орындарында кеңінен қолданылып жатқан «Oqylyq» қосымшасының тиімділігін атап өтті. Пандемия кезінде зор сұранысқа ие болған «Oqylyq» қосымшасы арқылы емтихандардың әділ өтуін бақылауға болады. Оның техникалық мүмкіндіктері кез келген оқыс қимылды, емтихан барысында микрокамера сияқты тыйым салынған бұйымдарды анықтаумен ерекшеленеді. Бұл жүйе қазіргі кезде халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізуші куәлігін алуда емтихан тапсырушының әділ іс-қимылын бақылауда қолданылып жатыр. Компания өкілінің айтуынша, қосымша болашақта ҰБТ тапсыру кезінде қолданылуы мүмкін.

Мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары үшін «Дронтех» ұсынған өнімдердің қауіпсіздігі жайында компания өкілі Айжан Оспанова айтып берді. Еліміздегі көптеген білім ошағы аталған компания өндірген дрондар мен ракеталарды қолданады. Цифрландыру­дың заманауи мүмкіндіктерін ­игеруде бұл өнімдер тәжірибе­дегі тиімділігін көрсетіп отыр. Оқушылар, студенттер жарыс­тарда ғана емес, сабақ барысында, сондай-ақ геодезия, опертор, құрылыс мамандықтарында оқи­тын студенттер оқу-өндірістік тәжірибесінде осы дрондарды пайдаланады. Оған қажетті бөл­шектердің барлығы қауіпсіз, әрі елімізде өндірілген.

Форумның басты жаңалығы стартаптар мен еліміздің ин­но­вациялық әлеуетін көрсету ғана емес, цифрлық технологиялар саласындағы жеңімпаздарды анықтау болды. Қанатқақты жобаларды іске қосуға, инвестор тартуға, іскерлік байланыс орнатуды көздейтін «Industrial AI Battle» байқауында 200 қатысушыдан жасанды интеллект саласындағы үздік 15 стартап финалға шықты. Жеңімпаздар қатарынан табылған «Most disruptive» – epsilon3ai; «Best scale ability» – Finflow; «Best ROI potential» – arlan biotech; «Best sustainability impact» – «Qala AI», әрқайсысы 15 000 доллардан еншілеп, серіктестердің сыйлықтарына ие болды.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше