Байқау • 26 Ақпан, 2025

Додада танылған дарындар

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр 600-ден аса алматылық оқушы халықаралық олимпиадаларда жеңіске жеткен. Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Дарын» орталығының директоры Гүлнұр Кәрімғажы қала оқушыларының жетістіктерімен бөлісті.

Додада танылған дарындар

Былтыр орталық тарапынан 200-ден аса зияткерлік олимпиада мен байқаулар ұйымдастырылып, оған 250 мыңнан астам оқушы қатысқан. 30-дан аса халықаралық олимпиада мен байқауға қатысқан 894 оқушының 604-і жеңімпаз болған.

Бүгінде қала оқушыларының халық­аралық олимпиадалардағы жетістігін ерекше атап өтуге болады. Былтыр ел құрамасы сапында Алматыдан 4 оқушы өнер көрсетіп, күміс медаль иеленді. Ал республикалық жарыстарда қала командасы 63 медальды еншілеп, «Үздік олимпиадалық команда – 2024» атағын жеңіп алды.

Бүгінде алматылық оқушылар халық­аралық олимпиадаларда ғана емес, робот­­­техника саласында да жоғары жетіс­тіктерге жетіп жүр. Былтыр қала командасы АҚШ-тың Даллас қаласында өткен чемпионатта үздік ондыққа енді. Олар алдағы жылдарда Женева, Сингапур және Афинада үш мәрте әлем чем­пионы атанған.

№140 гимназия-мектебінің «Uly Dala» мүшесі Айғаным Шамшадин роботтехникадағы команданың алғашқы жеңісі 2022 жылы «First Lego League» турнирінен басталғанын айтты. Кейіннен «First Tech Challenge» деңгейіне өткен команда әр жарысқа табандылықпен да­йындалып, қадамдарды, бағдар­ла­ма­лар­ды тұрақты жетілдіріп отыратынын атап өтті.

«Sana Team» капитаны Смаил Дарын екі жылдан аса уақытта робот­техниканың әліппесін терең меңгеріп, нәтижесінде, Аустралия, Кипр, Үндістан және Қыр­ғызстанда еліміздің на­мысын қорғап, команданың жоғары марапаттарға ие болғанын жеткізді. Қазір команда Хьюстонда өтетін әлемдік жарысқа дайын­далып жатыр.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше