Қаржы • 27 Ақпан, 2025

Ақша базасы азайды

55 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ұлттық банк қаңтар айында айналымдағы ақша базасын 4,1%-ға азайтып, 594,3 млрд теңгені «жұтып қойды». Реттеуші сайтында жарияланған құжатта көрсетілгендей, бір айда ақша базасы 14 трлн теңгеге дейін төмендеді.

Ақша базасы азайды

Қаржы институтының дерегінше, ақша базасы бірнеше пункттен қалыптасады. Оған айналымдағы қолма-қол ақша, барлық есептік және қазіргі есепшоттар, коммерциялық банктер мен басқа да қаржы ұйымдарының депозиттері мен теңгедегі шоттары кіреді.

Сарапшылар елдегі ақша массасының өзгергенін дұрыс көріп отыр. Биыл қаңтарда ақша массасы 44,7 трлн теңге болса, бір айдан соң бұл көрсеткіш 975,9 млрд теңгеге немесе 2,1%-ға азайған. Сарапшылардың айтуынша, елде ақша мас­сасы Ұлттық банк пен екінші деңгей­лі банктердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады.

Қаржыгер Расул Рысмамбеттің айтуынша, ішкі нарық пен айналымдағы ақша массасы арасындағы үйлесімділіктің бұзылуы инфляцияны күшейтіп жібереді. 2020 жылдағы пандемия дағдарысы кезін­дегі әлеуметтік төлемдер әлемдік нарық­тардағы үйлесімділікті бұзды.

«Қазір ішкі нарықтағы қаржының кемі 14 пайызы сұраныстан артық. Егер жағдай қалыпты болса, алдағы үш-төрт жылда сұраныс пен ұсыныс теңеседі деген үміт бар», дейді ол.

2024 жылғы желтоқсанның қорытын­дысы бойынша Қазақстанда ақша базасы 16,4%-ға, 14,6 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Көрсеткіш ақша массасына қарағанда екі есе жылдам – 7,2%, 45,66 трлн теңгеге дейін өсті. Сол кезде сарапшылар бұл жағдай теңге бағамына қысым көрсететінін, ақша-кредит саясатын қатаңдатуға алып келуі мүмкін екенін айтқан болатын. Қаржыгер Ілияс Исаевтың айтуынша, қысқамерзімді перспективада ақша базасының ұлғаюы инфляциялық күтудің артуына және теңгенің валюталық бағамына қысымның күшеюіне жол ашады.

«Ұзақмерзімді болашақта ақша агрегат­тарының өсуі экономиканың қызып кетуіне және ақша-кредит саясатының қатаюына алып келуі мүмкін. Себебі ІЖӨ-мен бірге инфляция да өсіп жатыр. Алдымен ІЖӨ, одан кейін инфляция өсіп жатыр. Біздің елде ақша массасының өсу жылдамдығы өнім шығарудың өсу қарқынынан 10 есеге озып кетті. Биыл Ұлттық банктің кәсіби біліктілігіне үлкен сын болғалы тұр. Үкімет бюджеттік мекеменің қызметкерлерінің айлығы инфляция деңгейімен теңестірелетінін айтып жатыр. Бұл ішкі нарықтағы ақша айналымының теңгеріміне әсер етеді. Егер ақша массасын экономикалық ресурс­тар теңестірмесе, инфляция көтеріледі. Мысалы, елдегі нарықтағы ақша массасы 1 000 теңге болса, ал өндірілетін тауарлар көлемі 1 000 дана болса, онда тауардың орташа бағасы 100 теңге болады. Егер тауар өндірісі бұрынғы деңгейде қалып, Орталық банк айналымға қосымша 200 теңге шығарса, онда әр тауардың әділ бағасы 100 емес, 120 болады. Нәтижесінде, әрбір теңгенің сатып алу қабілеті қосымша ақша шығарумен бірге азаяды. Ақша және тауар массасы арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін ақша массасының ұлғаюы өндірістің өсуінен кейін жүруге тиіс», дейді Ілияс Исаев.

Қытай немесе Түркияда басы артық қаражат кері қайтарылмайды, керісінше бизнеске бағытталатын көрінеді. Егер ақша массасы бизнесті дамытуға бағытталса, онда бизнес қосымша өнім шығарады, бұл нарықтағы тауар ұсынысын арттырады. Мұның соңы экономикалық ресурсқа әсер етеді, бизнес тауарды көп мөлшерде ұсынып, баға төмендейді. Ал біздің жағдайда Ұлттық банкте ондай мүмкіндік жоқ. Себебі ішкі нарық сенімді емес, бизнестің тәуекелі жоғары. Дәл қазір басы артық қаржыны бизнесте емес, Ұлттық банктің «асқазанында» сақтау әлдеқайда сенімді.

«Себебі экономикаға құйылатын ақша тиімсіз пайдаланылса ақша массасы өседі, ал тауар саны өспейді. Онда тауар мас­сасының үстінен ақша «егіздері» пайда болып, баға көтеріле бастайды. Мұндай жағдайда ҰБ-ға инфляцияның қосар­ланған әсерімен күресуге тура келеді», дейді сарапшы.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03