Ғалам ғажаптары • 18 Наурыз, 2025

«Coca-Cola» дәрі болған

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде әлемдегі ең танымал сусын­дардың бірі «Coca-Cola» бастапқыда дәріханада сатылғанын білесіз бе?

«Coca-Cola» дәрі болған

1886 жылы Джон Пембертон есімді фармацевт ауырсынуды басатын дәрі жасауға тырысып, газдалған сусын ойлап табады. Ол оны жүйке жүйесін тыныштандыратын, сергітетін дәрі ретінде сатқан. Бірақ кейін сусынның дәмі халыққа ұнап, коммерциялық өнімге айналады. Ал «Coca-Cola» атауы оның бастапқы құрамындағы кока жапырақтары мен кола жаңғағынан алынған.