
«Facebook»-тың негізін қалаушы Марк Цукерберг қызыл мен жасылды ажырата алмайды. Оның көру қабілетіндегі ерекшелік әлемдегі ең танымал әлеуметтік желінің дизайнын қалыптастырды. Яғни Марк үшін көк – ең анық көрінетін түс. Қызығы, психологияда көк түс сенімділік пен тұрақтылықтың белгісі саналады.