
Бір күні Л.Ферруччо «Ferrari» көлігін сатып алып, оның қозғалтқышындағы кемшіліктерді байқайды. Өзі де техниканы жақсы білетін Ламборгини көліктің ақауларын жөндеу бойынша ұсынысын білдірмек болып, Энцо Феррариге жолығады. Алайда Феррари оның пікірін елемей: «Сен трактор жасаумен айналыса бер!», деп менсінбей жауап береді. Осы сөз Ламборгинидің намысын оятып, ол «Ferrari»-ге бәсекелес боларлықтай көлік шығаруға бел буады. Нәтижесінде, «Lamborghini» компаниясы құрылып, бүгінде әлемдегі ең танымал, ең жылдам спорткарларды шығаратын брендке айналды.