Ғалам ғажаптары • 20 Наурыз, 2025

Жігерлі Джордан

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Майкл Джордан – баскетбол әле­мін­дегі ең ұлы ойыншылардың бірі. Бірақ оның жолы басынан бас­тап жеңіске толы болмаған.

Жігерлі Джордан

Мектепте оқыған кезінде ол баскетбол командасына қабылданбай қалады. Жаттық­тырушысы оның бойы аласа, физикалық дайындығы жеткіліксіз деп бағалаған. Осы оқиға жас Джорданның намысын қайрап, жеңіске деген жігерін арттырады. Ол күн сайын үздіксіз жаттығып, өз шеберлігін шыңдауға кіріскен. Еңбек пен табандылықтың арқасында ол кейін­нен NBA-ның ең үздік ойыншысы атанып, бүкіл әлемге танылды.